Блог

Бизнес-әріптес


05.05.2017
0

Бизнес-әріптес

Жиі ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер өзіне бизнес-әріптес іздегенде ол қандай болуы керек деген сұрақтың төңірегінде ойлана бермейді. Басты назарға тек оның қаржылық мүмкіндіктері алынады. Алайда, өз тәжірибеме сүйеніп отырып айтсам – бұл мәселеге үлкен ыждақаттылықпен қарау керек. Себебі бизнес-әріптестік әріптестердің арасында өзара сенім, ынтымақтастық, өзара түсіністік пен ауызбіршілік болуын талап етеді. Табысты әрі тиімді бизнес-жүйені тек осылай ғана құра аласыз. Сондықтан бизнестегі әріптесті таңдау жар таңдауға ұқсайды. Әріптестік орнатар алдында неке қиярдағыдай дұрыс адамға сенім білдіріп отқаныңызға көз жеткізу керек. Бірінші кезекте оның бойындағы қасиетке мән беріңіз. Алдымен біліктілігіне, бизнестің аталмыш саласындағы тәжірибесінің молдығына, басқарушылық қабілеттеріне, қаржылық білімдеріне, пайдалы байланыстары мен капиталына назар аудару қажет. Бірлескен бизнес-сапарыңыздың қаншалықты пайдалы әрі оңтайлы болатыны осыған байланысты болмақ.

Добавить комментарий