Блог

Астанада тамаша кездесу өтті


20.04.2017
0

Астанада  тамаша кездесу өтті

Бүгін Астанада оқырмандарыммен, жазылушыларым мен достарыммен тамаша кездесу өтті!Қызығушылық білдіріп, жылы сөздеріңізді аямай, ақеден тілектеріңізді жаудырғандарыңыз үшін алғыс айтамын! Сіздердің арқаларыңызда «Бәрі де өз қолыңда» кітабы 2016 ж. қорытындысы бойынша қазақстандық бестселлерлердің ондығына кірді.Кездесуден тамаша көңіл-күй мен күш-жігер алдым. Түрлі идеяларыммен қуана бөлісіп, жылды қорытындыладым, жаңа жобалар туралы айтып бердім. Олардың арасында жетекші қазақстандық ЖОО-лардың болашағынан үміт күттіретін студенттеріне демеушілік қолдау көрсету бар. Өздеріңіз білетіндей, мен жастар арасында тәлімгерлікпен белсенді түрде айналысамын: жетекші қазақстандық жоо-ларда авторлық дәрістер оқимын, жас кәсіпкерлер үшін шеберлік сағаттарын өткіземін. Кітап пен күнделіктің сатылымынан түскен қаражат Назарбаев Университеті мен ALMA University-дің үздік студенттеріне тағайындалатын шәкіртақыларға, Қазақстанның тренингтік бағдарламаларына және т.б. жұмсалады.Сонымен қатар кездесуде кітабым жаңа форматта таныстырылды.Жақын күндерде сіз кітапты өзіңіз қалаған форматта – жұмсақ мұқабада, электронды түрде немесе аудиокітап түрінде сатып ала аласыз.Оқып шығыңыздар!Және келесі кездескенше!

Добавить комментарий