Блог

ЖЭК технологияларының арзандауы


20.04.2017
0

ЖЭК технологияларының арзандауы

ЖЭК технологияларының арзандауы ЖЭК-ке қарсы көзқарастағыларды састыратын секілді. Үндістандық екі ағайынды жаңа айфоннан да арзан тұратын жел турбинасын жобалап шығарды. Ол күніне 3-5 кВт өндіруге қабілетті. Бұл энергия үйді қуатпен қамтамасыз етуге жетеді. Және ондай жел трубинасының көлемі төбеге орнатылатын желдеткіштен үлкен емес. Ал энергияны 20 жыл бойы өндіре алады. Ағайындылар таза энергияны қарапайым адамдарға қолжетімді бағамен өндірудің тамаша тәсілін ойлап тапты. Мұндай әзірлемелер әлемдегі энергияның қолжетімсіздігі мен теңсіздікті түбегейлі жоя алады. Себебі әлі күнге дейін жер бетінде миллиардқа жуық адам электр энергиясына қол жеткізе алмай отыр. Қазақстанның шалғай жатқан елдімекендерін осындай қондырғылармен жабдықтаса тамаша болар еді. Себебі мұндай табиғи жағдайлар мұндай қондырғыларды кез келген жерге орнатуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий