Галерея

Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі


30.06.2015
0
Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі
Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі
Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі
Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі
Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі

 Бизнесмен өз жетістіктерінің құпияларымен және өз бизнесін жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп, бизнес саласында сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті. «Әлемде бәсекеге қабілетті бизнесті құрып, міндетті түрде саланың көшбасшысы болу керек. Бұл ретте әрдайым оқып-білудің маңызы зор – бұл құзіреттіліктеріңізді дамытуға көмектеседі», - деді спикер.  

Уақыттың басым бөлігін «Сұрақ-жауап» бөлімі алды. Қатысушы болашақтықтар мен жас кәсіпкерлер Серікбай Бисекеевке өз ісіңді қалай бастау керек, уақыт пен ресурстарды қалай басқару керек, табысты кәсіпкер болуға не көмектеседі және т.б. сұрақтар қойды. Қонақпен тілдесуден басқа, іс-шара қатысушыларында «Болашақ» қауымдастығы Мансап орталығының үйлестірушілеріне өз түйіндемелерін табыстау және Қауымдастықтың жұмыспен қамту бойынша жобаларына қатысу мүмкіндігі болды.  «Менің берер кеңесім біреу. Кәсіп етуді бастаңыздар! Неғұрлым ерте бастасаңыздар, соғұрлым жақсы!» - деп сөзін түйіндеді С. Бисекеев.

 Іс-шара қатысушылары табысты бизнесмендердің қатысуымен кездесулерді жиірек өткізіп тұруды ұсынды. «Мұндай іс-шаралардың әрбір жас кәсіпкер үшін тұлғалық әлеуетін дамыту және жаңа білім алу тұрғысынан пайдасы мол», - деді Манас Сәкенов.

 Негізгі материалға сілтеме: Bolashak.kz

Добавить комментарий