Дәрістер

Серікбай Бисекеев жас кәсіпкерлермен табысты бизнеске қол жеткізу жолдарымен бөлісті


13.06.2013
0

Серікбай Бисекеев жас кәсіпкерлермен табысты бизнеске қол жеткізу жолдарымен бөлісті

Алматы қ. 12 маусымда өткен конференция барысында бизнесмендер «Табысты бизнес формуласымен» бөлісті. Конференцияны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Кездесу ашық диалогтық алаң форматында өтті.

Іс-шараға танымал кәсіпкер Серікбай Бисекеев қатысты. Онымен қатар конференцияда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Байбек Б.Қ., белгілі кәсіпкерлер Константин Горожанкин мен Данияр Нұрғазин сөз сөйледі.

Әңгіме барысында бизнесмендер өз жетістіктерінің құпияларымен бөлісіп, сондай-ақ бизнес-жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мәселелері мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік түйткілдерін талқылады.

Добавить комментарий