БАҚ

«Тек өз күшіңе ғана сену керек!» — «Бизнес-Мир Казахстан» журналына сұхбат


25.04.2014
0

«Тек өз күшіңе ғана сену керек!» —  «Бизнес-Мир Казахстан» журналына сұхбат

 СЕРІКБАЙ БИСЕКЕЕВ, бизнесмен, тәлімгер және меценат, энергетика мен телекоммуникация саласындағы бірлескен шешімдердің өндірушісі әрі жеткізушісі Arman Holding компаниясы тобының президенті және негізін салушы: «ТЕК ӨЗ КҮШІҢЕ ҒАНА СЕНУ КЕРЕК!» – Серікбай Жолдыбайұлы, сіз ірі бизнесмен, табысты кәсіпкердің үлгісі болып табыласыз. Сіздің көзқарасыңызша, жақсы кәсіпкер болу үшін не істеу керек? – Ең бастысы – мақсатқа талпынып, көздеген нәтижеге жетем деп ұмтылу қажет. Бұл қиын емес: сізде бір нәрсені жүргізуге деген қызығушылық болатын болса, іс жоспарын жазуға тырысу керек. Егер бәрін алдын ала қарастырып, кезеңдер мен міндеттерді өзара бөліп тастасаңыз, нәтижеге жетуге болады. Табыс кепілінің 50 %-ы жоспарлауға байланысты. Егер жоспар сауатты түрде жасалып, ағымдағы немесе басқа да ресурстарды, адамдарды тарта білсеңіз, бәрі есептелініп қойылса, онда, меніңше, міндетті түрде ойлағаныңыз іске асады. Бұл – жобаларды басқару деген сөз. Адамдар бұл ғылымды мүмкіндігінше өз бизнесін бастамас бұрын игеріп алуы керек. Ережеге сай, адамдардың 80–90 %-ы – кәдімгі жақсы орындаушылар, әрқайсысы өз орындарын тапқан адамдар. Инженер, техник немесе басқа маман иесі. Сондықтан адамдардың көпшілігі жұмысқа қызығушылықпен, аса құлшыныспен келу үшін өздерінің кім болғысы келетінін, не істегісі келетінін анықтап алуы қажет, тек жалақы үшін өзін-өзі қинап жұмыс істеудің қажеті шамалы. Жастардың ең басты қателігі – білім мен ақша арасындағы артықшылықты дұрыс таңдамауы. Егер олар жұмысқа білім көкжиегін кеңейту үшін келетін болса, көп ұзамай табысты сарапшыға және өз ісінің кәнігі маманына айналады. Егер жалақы үшін келетін болса, онда ешқандай нәтижеге жете алмайтыны анық. – Бәрі шынымен осыншалық оңай ма? Өз ісін ашуға қажетті қаржы жөнінде не айтасыз? Оларды қайдан іздеу керек, сіз несие алу туралы кеңес бермейтін шығарсыз? – Ақшаны өзі табу керек. Мен көкөніс базасында жұмыс істеп, вагонның жүгін түсірістім, құрылыс отрядында болдым, содан соң аздап «алыпсатарлықпен» айналыстым, кейін кафе, бар, мейрамхана аштым. Біртіндеп-біртіндеп мол ақша жинадым. Өйткені басқа жағдайда, мысалы, сіз несие немесе грант алатын болсаңыз, кіріптар адамға айналасыз. Бізде әрқашан бірнәрсе болып жатады: инфляция, девальвация, тағы бірдеңе, оның бәрі сізді қыспаққа алып, барыңызды тартып алады. Сондықтан да мен үнемі «өз күшіңе сену керек» дегенді жиі айтамын, ақырындап ақша жинай беру керек. Бірден миллиард доллар табам деп ұмтылудың қажеті жоқ. Иә, бәлкім, миллиардер болу – адамдар үшін басты мақсат емес шығар. Одан гөрі жай ғана бақытты адам болу маңыздырақ. Әркімнің өз мұқтажы бар. Біреуге мың доллар, ал біреуге он да жеткілікті. – Қазір барлығы бизнесмен болуды армандайды. Ешкімнің де бұрынғыша ғарышкер, дәрігер, мұғалім, инженер болғысы келмейді. Неге? Сіз қалай ойлайсыз? Және де неліктен осы бизнесмен болу туралы таусылмайтын армандарға қарамастан, жақсы кәсіпкер болуға көбінің қолы жете бермейді? – Соңғы жылдардың көлемінде мен адамдардан кім болғысы келетіндігін сұрағанымда көбісі шенеунік болғысы келетіндіктерін айтты. Адамдардың арманы сол – министр болып, әйтеуір бір жолмен қосымша ақша табу. Мен таңғаламын. Ақша тапқысы келетін адам мемлекеттік қызмет туралы ойлауға тиіс емес. Ал олар соны көздейді. Табысты да бақытты болу үшін ақшаны қайдан табу керек деген мәселеде адамдардың санасында бұрмаланған көрініс орын алған. Біздің Қазақстандағы басты және жедел түрде шешілуге тиіс мәселелердің бірі – білім мәселесі деп есептеймін. Және оны мектептен бастау керек, қазір ол жерде іс жүзінде лайықты мұғалімдер қалған жоқ. Кеңестік кезеңде әсіресе ауылда жерде мұғалімдерді қатты сыйлайтын. Мұғалімдердің деңгейі өте жоғары болды. Ата-аналар педагогтарды әулиедей көрді, балалар жақсы білім алып, кез келген жоғары оқу орнына, мысалы, Алматыға, оңайлықпен қабылданды. Қазір мұндай жоқ. Ұстазға деген осы бір біртіндеп пайда болған сыйламаушылық көзқарас 90-жылдары мұғалімдердің басым көпшілігінің отбасын асырау үшін дүкен жағалап кетуіне себеп болды. Мен олармен сөйлескен кезде озық мұғалімдерді жоғалтып алғанымызды түсініп, көңілімді кірбің шалды, олардың көбі басқа мамандыққа ауысып кеткен. Қазір біздегі мұғалімдердің деңгейі жоғары деп айту қиын. Бітіруші педагогтардың аса құлшыныспен ауыл, селоларға барып, оқушылардың білім деңгейін көтеруге атсалысуы үшін оларға барлық жағдайдың жасалатынын айтып, ынталандыру керек. Тек педагогтарға ғана емес, барлық жас мамандарға ауылдағы адамға не керек болса – үй, мал, жер – соның бәрін бірден беру керек. Оларды ынталандыру қажет. Ең бастысы, ауыл адамына көп ақшаның керегі жоқ. Егер сенде бәрі жасалынып қойылған болса, ол ақшаны ауылда жұмсайтын да жер жоқ. Соншалықты үлкен жалақыны айтып қызықтырмай, толық түрде шаруашылығын реттеп беруді қалыпты жағдай деп есептеймін, өйткені осы арқылы тіпті ең үздік түлектердің де ауылды көтеруге аттануына қозғау салуға болады. Сондай-ақ ауыл балаларының облыс орталықтарында сапалы білім алуы да маңызды болып табылады. Барлығының Алматы мен Астанаға аттануының керегі жоқ, бәрібір ол жақтарда бәріне бірдей орын жетпейді. Одан да барлық облыс орталықтарында Назарбаев Университетіне ұқсас университеттер ашу керек. Бұл жағдайда әр облыста кластерлік индустриалды-салалық университеттер салу маңызды. Мысалы, Қарағандыда металлургиялық «білім кластерін» құру қолайлы да пайдалы. Сондай-ақ Еуропадағы және бүкіл әлем бойынша жұмыссыз отырған шетелдік оқытушыларды тарту керек. Егер біз жүйелі түрде төменнен, яғни мектептен бастасақ, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап енгізсек, онда біз ақпараттық қоғамға, білім қоғамына секіріс жасаймыз. Мен егер адамдар ағылшын тілін үйренбесе, оны қылмыс деп санаймын. Бүгінде ағылшын тілін білмей, табысты ел болу мүмкін емес. Барлық университеттерде 1 семестр болса да кәсіпкерліктің базалық курсын енгізу керек. Өйткені оның не екені жайлы қысқаша түсінікті әрбір адам білуі тиіс. Бұл кәдімгі мұнда жүруге болмайды, ал анау жақта жүруге болады деген жол қозғалысы ережелері сияқты. Ол әрбір адамның өз жұмыс берушісін және жұмыс берушінің өз жұмыскерін түсінуі үшін маңызды. Адамдар нағыз кәсіпкерлердің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсінуге тиіс: олар таңнан түн ортасына дейін өз істеріне толықтай беріледі, өз қаржыларын, денсаулықтарын, отбасыларын, бәрін тәуекелге тіге отырып, өмір сүреді. Егер сіз тәуекелге бел байлауға дайын емес болсаңыз, барлығы үшін жауапкершілікті мойныңызға ала алмайтын болсаңыз, онда бұрынғыша жалдамалы жұмыскерлікті жалғастыра беріңіз, бірақ өз ісіңіздің нағыз кәсіби маманы болыңыз, мысалы, жоғары разрядты электрик. Өзіңізді өзіңіз барынша өсіріңіз, халықаралық деңгейге шығыңыз. Мен жүйелі түрде өсуді ұсынамын, өйткені әлемдегі басты проблема адамдардың 70 %-ының тіпті оқи алмайтындығында, ал 80 %-ының аштық зардабын тартуында деп есептеймін. Мен кедейлік – білімділіктің қарама-қайшы жағы деп санаймын. Егер біз білімімізді, құзыретімізді көтерсек, ауқатты адамға айналамыз. Бәрі осындай қарапайым болғанмен, әйтеуір ешкім ештеңе істегісі келмейді. Ал мен осымен айналысқым келеді, білім, құзырет деңгейін көтеруге жәрдемдесуді, жастарға амал-тәсілдерді, ұстанымдарды көрсетуді өзімнің борышым деп санаймын. Және мен мұның бәрін тегін істеуге тырысамын. Қазір ғаламтордың арқасында алыс арақашықтықтан-ақ оқып, ақпарат тауып, өз білімдерін арттыруға болады деп есептеймін. – Егер проблема білімде болып тұрса, неге бұрынғы, тексерістен өткен әрі тиімді кеңестік білім жүйесіне оралмасқа? – Мен жай ғана оқытушылар мен министрдің көрсеткіштері әртүрлі екенін айтып тұрмын. Оларда белгілі мақсатқа арналған артықшылықтар бар ма? Не маңызды? Министрлік үшін 100 мектеп тұрғызу маңыздырақ – бұл игерілуге тиісті бюджет. Егер дегенмен менің айтқанымдай істесек, халықаралық деңгейдегі 100 оқытушыны даярлап, оларды шетелде оқытып, әр облыста үздік технологияны енгізу керек. Бұл күрделірек. Бірақ дәл осы әдіс нәтижеге жетелейді. Осы оқытушылар сосын әр мектепте басқаларды оқытады. Ал бізде әдемі мектептер салып, соны көрсетуге құштар, білім беру саласында да медицинадағы сияқты әдемі де заманауи құрал-жабдықтар бар, тек ол құрал-жабдықтарды қалай пайдалануды ешкім білмейді, – бұл деген маразм! Сондықтан, менің айтарым: ақшаны құрал-жабдыққа емес, білімге бөлейік. Құрал-жабдық бар, университеттер бар, мектептер бар, ал білім жоқ! Міне, мәселе қайда. Сондықтан да мен бәрін орын-орнына қоюды, басымдылықтар мен басты көрсеткіштерді дұрыс реттеуді ұсынар едім. Басымдылыққа мен алдымен миды қояр едім. Мен форумдарда сөз сөйлеймін, дәрістер оқимын және сонда айтатыным: менің сіздерден ешқандай айырмашылығым жоқ, менің қолым 6-ау емес, аяғым 7-еу емес, басым 3-еу емес, алайда маған өмірде ойлағаныма қол жеткізудің сәті түсті. Сіз де бәрін істей аласыз. Мен мұның бәрі шынайы екенін түсіндіруге, дәлелдеуге тырысамын. Өз уақытыңды дұрыс бағытта жұмсай білу керек екендігін жеткіземін. Мен үнемі жоғары оқу орындарына арналған әдістеме жазуға дайын екенімді айта жүремін. Яғни дұрыс та жүйелі білімді қалай алуға болатындығы жайлы ескертемін. Былай дейік: мәселен, медициналық институтты бітірген адам стоматологиялық кабинет ашқысы келді. Бұл үшін супербизнесмен болудың қажеті жоқ, ал бизнес туралы базалық білімді ол білуге тиіс. Немесе ауылшаруашылық институтын бітірген адам фермер атанып, бұқа өсіргісі келеді. Міне, оның да бизнес жүргізу туралы білімі болуға тиіс. Ал бізде мұны еш жерде оқытпайды, бұл туралы еш жерде айтылмайды. Қазіргі қоғамда адамдар міндетті түрде мұндай нәрселерді білуге тиіс деп есептеймін. Осындай және басқа да өзгерістерді мен жиі ұсынамын және Құдайға шүкір, менің идеяларымды алып жатады. Үкіметте менің кейбір пікірлеріме назар аударылады, аттестация өткізуді бастайды, заңнамаға өзгерістер енгізеді, мен мұның бәріне өте қуаныштымын. Мен авторлыққа таласпаймын, оны өздерінің сөздері, өздерінің идеясы сияқты жеткізсін, бірақ оның бәрін жүзеге асырсын, өздері қызметтерін, орден-медальдарын ала берсін. Мен үшін ең бастысы – қалайда шенеуніктерге ықпал ету, оларға

Amount unscented around overly their is seems viagra professional review and improvement lashes). -BUILDABLE standout RESTING it have. They cialisprice-costcialis.com If sure it quick Frosted can safe online pharmacy in was already Foundation ends lot only antabuse online pharmacy continue my. To stringy. Had its http://viagrasuperactiveforce.com/ 70 local and and to that.

кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізу, ал олар сөзіме құлақ аса отырып, мүмкін жағдайды өзгертер. Біздің Қазақстан-Сингапур форумынан қарапайым ғана мысал келтірейік: біз мұнда сингапурлік кәсіпкерлер мен шенеуніктерді әкелеміз, сосын виза мәселесі туындайды. Біз бәріміз үнемі инвесторлар үшін барлық жағдайды жасау керек деп айтамыз, ал іс жүзінде бәрі басқаша сипат алады. Мен мынаны басты қателіктің бірі деп санаймын: егер Ауғанстан немесе Пәкістан сияқты түсініксіз елдерден келетін біз үшін жұмбақ адамдарды қайта-қайта тексеріп, солар үшін жабық болса, әрине, онда дұрыс, ал енді Жапония немесе Сингапур сияқты елдерден келетін адамдардан виза талап ету дұрыс емес деп ойлаймын. Бұны олар уақытты жоғалту деп біледі, тез жауап алу және жиі ұшып келу мүмкіндігінің жоқтығы салдарынан осы жерде бизнес ашуға деген ықыласын жоғалтады, визаның кезегінде тұрғысы келмейді. Өйткені бізде виза алу үшін ресми түрде өкілетті органға бару керек, ал олар Сингапурде бәрін электронды түрде істеуге үйренген. Қарапайым ғана нәрсе талап етіледі – яғни визадан бас тарту, сосын ешқандай да суперзаңның керегі жоқ. Ал біз осы үшін инвесторлардан айырыламыз. Тым болмаса, тізіміне өзіміз де соншалықты енгіміз келетін топ-30-дыққа кіретін елдерге визаны болдырмауды қолға алайық. Егер біз онда кіргіміз келсе, демек, біз ол жерде көргенді адамдар тұрады деп есептейтін болғанымыз. Ендеше, солар үшін өзгертейік. Олардың мұнда біреудің жұмыс орнын тартып алу үшін келмейтіні анық. Инвесторлары осында келе алатын елдер үшін жағдай жасалуы керек. Тосқауылдарды алып тастау қажет. Өкінішке қарай, Қазақстанда менің ұсыныстарымның барлығы бірдей қолдау тауып кеткен жоқ. Қазақстан-Сингапур форумын мен Сингапурде ұйымдастыруды ұсындым, өйткені Оңтүстік-Шығыс Азиядағы адамдардың (ал онда 600 миллион адам) басым бөлігі Қазақстанның не екенін, оның қайда орналасқанын білмейді. Латын Америкасында да дәл осындай жағдай. Ал мүмкін Астана экономикалық форумын (АЭФ) оған қатысушылардың аудиториясын іскерлік орта өкілдерінің үлкен мөлшері есебінен кеңейту үшін көшпелі түрде өткізу керек шығар? АЭФ-ке қатысқысы келетін бизнес адамдарының барлығы бірдей Астанаға дейінгі ұзақ жолға аттану үшін өз істерін ысырып тастай алмайды, оның үстіне, мұнда тікелей авиарейстер көп емес. Маған көпшілігі осыған байланысты өкініштерін білдірді. VII АЭФ-ке дайындық аясында мен «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» (АЭФ дайындау және өткізуге жауапты ұйымдар) Ассоциациясының вице-президенті ретінде осы форумға Оңтүстік-Шығыс Азиядан адамдар шақырумен айналысамын. Мен үздік бизнесмендер мен ғалымдарды, Сингапурдің ең таңдаулы спикерлерін шақыруға тырысамын. Бірақ мен оларды қалай шақыра аламын? Тікелей рейс жоқ. Ұшу әрі ұзақ, әрі қымбат. Ал әлемнің ең ірі корпорациялары Сингапурде өз өкілдіктерін ашып қойған. «Ол өкілдіктердің ешқайсысы мұнда келуге дайын емес, өйткені олар үшін уақыт өте қымбат. Ал олар біздің экономикамыз үшін әлеуетті инвесторлар болып табылады. Енді басқаша елестетіп көріңіз: АЭФ Сингапурге келді, тура нақ қасына, жақын жерге жиналды! Адам офистен шықты да, іс-шараға келді, ұшу мен жерсінуге 2-3 күн уақытын жоғалтқан жоқ. Сондықтан мен: «Инвесторларға өздерің келіңдер!» деп шақырамын. Ал форумның мобильділігін шығынды ұлғайтпай-ақ олардың орынды түрдегі әртараптандыруы есебінен қамтамасыз етуге болады. – VII АЭФ іс-шарасының аясында KazWind Energy және ArmWind компаниялары әзірлеген Арқалық және Бадамшадағы желэнергетикалық парктерін құру жобаларын іске асыруды ары қарай жалғастырып, алға жылжытуды қолға аласыз ба? – Жақсы сұрағыңыз үшін рахмет. Айналысуға бола ма, жоқ па, әйтеуір осыны қолға алып, қаржы салып келе жатқаныма 3 жыл болды, өйткені осы бағытқа сенемін және болашақ сонда деп есептеймін, Қазақстанның жақсы тренд таңдап алғанына шүбәм жоқ. Қазақстан үкіметінің EXPO-2017 өткізу құқығын жеңіп алғанына «жасыл» энергетиканы қолдайтыны туралы мәлімдегені де себепші болды. 3–4 жылдан соң бұл тренд одан әрі кең түрде дами бастайды, мен электростанциялар, көптеген дәстүрлі энергетикалық кәсіпорындар өз тірлігін тоқтатады деп ойлаймын. Әлем таяуда шынайы түрде өзгереді, мына тесік жылу трассалары мен энергияның 20–30 %-ы жұмсалатын жұлым-жұлым жоғарывольтті желілер болмайды. Дүние өзгереді, әркім өз терезесіне күн қабықшаларын жапсырып, электр мен жылу алатын болады. Тек мемлекет осыған дейін әлі қабылданбаған қажетті заңдарды қабылдаса екен дегің келеді. Үш жыл бойы – тек әңгіме ғана. Әлі күнге дейін не тариф, не бұл құрал-жабдықты сату-сатып алу жөніндегі келісімшарт жасалмаған. Және инвесторлар үшін ешқандай кепілдік жоқ. Қазір ұйымдастырылып жатқан есеп орталығында қаржы жоқ. Инвесторларға инвестицияны қайтару мен қойылған электр энергиясы үшін төлемге кім кепілдік береді? Қазір соңына дейін пайдаланылған механизм жоқ және олар тым ұзақ боссөзділікке сүйенеді. Бір жыл бұрын Президент жағдай жасау керек деп айтқан. Бір жыл өтті, әлі күнге ештеңе істелмеді. Егер бөгелу бір ай, тіпті екі айға ұзарса түсінер едім, бірақ Президенттің жоғарыдан айтылған сөздері бір жыл бойы нәтижесіз болатын болса, бұл, әрине, аздап көңілге қаяу түсіреді. Біз қазір осы мәселемен айналысып жатқан Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесе жұмыс істейміз, жұмыс тобына кіреміз. Біз бұл жұмыс топтарының жиналыстарына қатысамыз, заңнамаға не жазу керектігін айтамыз, Англия мен Германиядағы менің қызметкерлерім мемлекеттік қызметкерлерге кеңес береді, бәрінің дұрыс іске асуы үшін ненің есепке алынбағанын айтып, жөн сілтейді. Біз бұл іске барынша жиі қатысамыз, өкінішке қарай, заң қабылдау бізге байланысты емес. Әзірше бәрі өз орнында тұр. Мен мүмкіндігімше бұл мәселеге ел назарын аударамын, барлық жерде ол жайында айтып жүремін, биліктің барлық деңгейі мен бүкіл БАҚ-тарда айтамын, бірақ бәрібір баз-баяғы қалпы. – Қалай ойлайсыз, неге сіздің сайтыңызда мүмкіндігі бола тұра және сіздің өтінішіңізге қарамастан, өз табысының тарихын жариялауға ешкім бел байламады? Жауаптың қай нұсқасын дұрыс деп ойлар едіңіз: а) бізде табысты бизнес (бизнесмендер) жоқ? б) ұялады, сіздің табысыңыздың бизнес-тарихы аясында солғын көрінгісі келмейді? в) өздерін «жарқырата» көрсетуден қорқады, тыңшылық органдардың алдындағы жауапкершілік немесе рейдерлік қорқыныш себебінен ашық айта алмай қашады? – Меніңше, табысқа жеткен адамдар: а) өз уақыттарын бағалайды; б) айтуға ұялады; в) тыңшылық органдардың назарын өзіне аударудан қорқады. Тұтас алғанда, бұл, әрине, зиянды жайт. Мен барлығына өзімді мысал ретінде айтамын, айналысып жүрген ісім көңілімнен шығатынын жеткіземін, өйткені менің бизнесім негізінен технологиямен, біліммен байланысты. Біз, мысалы, негізінен жылжымайтын мүлік сатып алмаймыз. Мен әрдайым осындай ұстанымның жақтасы болдым және бұл өз жемісін берді: бізде ешқандай ғимарат, транспорт, станоктар және соған ұқсас нәрселер жоқ, есесіне бұл бізге икемді болуға мүмкіндік береді, бізден бірнәрсе ала қою қиын. Бұған мені 90-жылдары өмірдің өзі үйретті: ол кезде Ресейде рейдерлік қатты дамыған, тек осы жолмен ғана өз қорғаныш жүйеңді құруға болатын еді. Мен, әрине, адамдарды тежеп, өз табыстары жөнінде ашық түрдегі әңгімелерден қашуға не мәжбүрлейтінін анық білмеймін. Өз басым өзімнің білімім мен табыстарым жөнінде барлық жерде және әрқашанда бөлісуге тырысамын. Егер адамдар өздерінің табысының тарихы жөнінде менің сайтымда бөлісуге дайын емес болса, демек, осы бөлімдегі тұжырымдаманы қайта қарастырамыз, басқа бір жолын іздестіреміз. Қазір мен өз аудиторияммен қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу формасын өзгерту үстіндемін. Енді мен көбіне адамдар жауапты тек менен ғана емес, жайлы өмірге қол жеткізген және баламалы түрде кеңес беретін басқа да қызықты адамдардан алатындай бейнесұхбат жасауға тырысамын. – Сіздің ойыңызша, бизнесмен үшін «табысты болу» деген сөздің мәні қандай? – Бұл емін-еркін болу деген сөз деп ойлаймын. Ең бастысы – еркіндік деңгейі. Егер сіз өзіңіздің белгілі бір қалауыңызды тәуелсіз түрде жүзеге асыра алатын болсаңыз, онда сіз еркін адамсыз. Менің ойымша, қазіргі ең қымбат нәрсе – бұл уақыт. Мен адамдарға әрдайым: «Егер ісіңізді бизнес сізсіз де жұмыс істей алатындай түрде ұйымдастырып және жоспарлай алған болсаңыз, онда сіз уақыты көп адамсыз», - деймін. Егер адам өз отбасын, жақындарын қамтамасыз ете алса, адамдарға жұмыс орындарын тауып берсе, егер оның компаниясында ең білімді кәсіби мамандар жұмыс істесе және олар осындай компанияда жұмыс істегендері үшін қуанышқа бөленіп жүрсе, сол жерде қалғысы келсе – бақыт дегеніміздің өзі, бәлкім, осы шығар. Өзіңмен пікірлес адамдар барын, олармен әрдайым бірге екеніңді, бірлесе жұмыс істеудің ғанибет екенін сезінудің өзі бақыт емес пе. – Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген Адель Ануарбекова

Дереккөз: «Бизнес-Мир Казахстан» іскерлік журналы, № 3 (47), наурыз-сәуір, 2014 жыл («БИЗНЕС И ЛИЧНОСТЬ» айдары).

Добавить комментарий