БАҚ

Кедейлікке қарсы ем


15.08.2014
0

Кедейлікке қарсы ем

Әлеуметтік теңсіздікті зерттеумен айналысатын сарапшылар кедейлік бүгінде посткеңестік кеңістіктің миллиондаған азаматтарының өмір сүру салтына айналғанын айтып, дабыл қағуда. Бұл түйткілмен қалай күресу керектігі, осы мәселені шешуде отандық бизнес қауымдастық қалай көмектесе алатыны туралы редакциямызбен сұхбатында «Arman Holding» президенті Серікбай Бисекеев ой бөліседі.

S- Қазақстанда тұтынушылық дүмпу байқалады, сол себепті кедейлік деңгейі де артады. Қазақстан Республикасындағы кедейліктің себептерінің бірі – тұтынушылық дүрлігу мен тұтынушылық несиелендірудің нәтижесі болып табылатын қарызға өмір сүру секілді. Сіздіңше, бұл жағдайда шығар жол қайсы?

Меніңше, мемлекетке бұл бағытта салмақты түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Елде қаржылық сауаттылықты ешкім тиісінше дамытпайды, ал нәтижесінде өмір бойы несиені жабу үшін жұмыс жасауға мәжбүр адамдар зардап шегеді. Өзіміз көріп отырғандай, жыл сайын халықтың сатып алу қабілеті төмендеп барады. Бұл адамдар бұрынғыша көлік, пәтер сатып ала алмайды деген сөз. Сәйкесінше, оларға салық төлемейді, бұл экономиканың өсу қарқынына әсер етеді.Менің пікірім, экономиканы өсіру үшін әлсіз дамып келе жатқан саланың бірі құзыреттілікті дамыту керек, сол кезде тұтынушылық қабілет артады. Мысалы, бірінші емес, алтыншы разрядты электрик болса, ол көбірек ақша алып, сол себепті өзінің сатып алушылық қабілетін арттырады. Сондықтан бірінші кезекте қазақстандық компанияларға өз қызметкерлерінің құзыреттіліктерін және олардың жалақыларының деңгейін арттыру тетіктерін іздеу керек. Екіншіден, адамдарға мысалы тұтынушылық несиелендіру арқылы «қарызға өмір сүру» дұрыс емес екенін түсіндіру қажет. Шын мәнісінде ардайым балама шешім табылады. Мен мысалы неліктен жалдамалы пәтерде тұрып, ұсталған көлік мінемін? Себебі мен өзім демалысқа барып, спортпен, оқумен және т.б. айналысуға ақша ауыстырамын. Яғни мен қалағаныма ақша жұмсап, бақытты бола аламын. Барлық ақшасын бір нәрсеге салып, оның үстіне несие арқылы өмір сүретін адамдар бақытты өмір сүріп жатқан жоқ.¬Өз қаражатыңмен өмір сүруің керек!

- Сіздіңше бұлай өмір сүру біздің ділімізбен байланысты ма?

Иә, әркімнің өз баспанасы болуы керек деп, оған ипотека мен несиені үйіп-төгетін ережелерден құтылу керек. Алайда одан да қорқыныштысы, азаматтарымыздың ойланбай жасайтын шығындарының көп бөлігі оларға түрлі таптаурындардың үстемдік құруымен байланысты. Олардың біреуі – ең қымбат көлік міну керек. Себебі көлігіне қарап, оның иесін сынайды деген түсінік бар. Адамдар оларды қызық әрі кәсіпқой тұлға ретінде қабылдайтынын түсінсе, әлдеқайда бақытты өмір сүре алады. Және бұл еркіндіктің маңызы зор. Сіз өз құзыреттілігіңізді арттыру үшін ақшаны білім алуға жұмсап, жоғары жалақы алатын қызметкер болып, басқа елдерде оқып, өз дүниетанымыңызды кеңейте аласың. Егер адам жұмыс таңдау мен дамуда еркін болса, ол міндетті түрде табысқа жетеді.Табыс табыңыз, қор жинаңыз және несиесіз сатып алыңыз!

- Алайда дегенмен білім туралы сөз еткенде, өз біліктілігін арттыратын, қалыптасқан адамның жайы бір бөлек те, істі жаңа бастаған маманның жайы бір бөлек. Біздің білім беру жүйеміздің сапасы өзі беретін білімнің құнды салым екеніне қаншалықты кепілдік бере алады? Себебі біздің елімізде жоғары білім қымбат тұрады. Бұл мәселені қалай шешпек керек?

Бұл тұрғыдан білім жүйесіне нысанды түрде қарау керек. Мені таңғалдыратыны: мекеме басшылары басқа табысты елдердің бұрынғы тәжірибесін пайдаланбайды. Үздік үлгіні жасауға бір рет қаражат жұмсамастан, бірге жүзеге асырысатын адамдармен бірлесіп, стратегия жазбастан, ештеңе өнбейді. Бізде «сырттан тон пішетін» «керемет құтқару жоспарын» жасауға шебер, оны барлығы үнсіз орындауға үйренген. Корпорацияларда барлығы басқаша, сондықтан министрліктер мен мемлекеттік мекемелерге қарағанда олар тиімдірек. Бізге өзіміздікі болмаса да, сырттан шақырылған білімді басқарушылар керек. Олар әлемдегі үздік үлгіні таңдап, зерттеулер жүргізіп, техникалық тапсырманы (ТТ) дұрыс қоя біледі. Себебі ұтылмас стратегия жасап шығару үшін ТТ жазуға үлкен мән беру керек. Әйтпесе, еңбегіміздің нәтижелері жарамсыз болып қалуы мүмкін.Маған жиі «Макензи немесе басқа да танымал компанияларды стратегия жазуға шақырамыз, алайда олар өзіміз білетінді айтады» дейді. Менің оларға айтарым – олар бастапқыда ТТ дұрыс жасамаған. Егер бастапқыда сәл көбірек қаражат жұмсаса, нәтижесі көп күттірмес еді. Әңгіме миллиардтаған долларлар туралы болғанда дұрыс кеңесшілерге ақша бөлмей, үнемдеуге болмайды. Оларсыз жақсы ТТ болмайды, ал отандастарымыздың табысты білім беру жүйесін және т.б. құруда тәжірибесі жоқ. Сондықтан сырттан шақырып, олардан көмек алып, өзіміздікілерді үйрету қажет.Біз елдегі сапасыз білім туралы айтамыз. Алайда жақсы мамандар қалада ғана емес, ауылда да жұмыс жасайтындай жағдай жасайық. Ол үшін біз оларға қандай жағдай жасай аламыз, оларда басты қандай көрсеткіштер болады, оларға қандай жалақы төлей аламыз, олар қайда тұрады және т.б. ойластыру қажет. Басқаша айтқанда, барлығы инфрақұрылымға келіп тіреледі. Мұны қайтсек болады? Қазір мемлекет экономикамыздың түрлі салаларына көптеп инвесторлар тартуға тырысуда. Сол инвесторларға әлеуметтік міндет жүктелуі маңызды, олар инвестициялық құжатта бекітілсе. Оларға аймақтардағы сәйкес инфрақұрылымды жасауды жүктеу қажет. Бұл ол жаққа жұмыс жасауға баратын адамдар онда қаладағыдай өмір сүру жағдайлары жасалатынын түсінулері керек. Бұл ретте таза ауа және кептелісте тұру қажеттілігінің болмауы сияқты артықшылықтарды көрсету қажет. Осыны жас мамандарға ұғындыра алсақ, олар кез келген аудан орталығына қуана-қуана барып, оны дамытады.

- Тағы да бизнестің даму ортасы көп.

Иә, алайда барлығы инфрақұрылымға тіреледі. Осыған байланысты кез келген аудан әкімінде басты көрсеткіш ретінде инвестиция тарту тұруы тиіс. Қазір мемлекет инвестициялар туралы жаңа заңмен айналысуда. Оған сәйкес, құрылыстың соңғы сатысында капиталдық салымдардың 30% инвесторларға қайтарылады. Әлемде бұл туралы көбісі біле бермейді. Сондықтан егер Қазақстан шетелдік инвесторларды көбірек тартқысы келсе, жақсы ақпараттық кампания қажет.Мысалы, Нью-Йорк, Лондон, Франкфурт, Сингапур, Токио сияқты қаржы орталықтарында бұл бағдарламаның таныстырылымын жасау керек. Оның аясында министрлер Қазақстан экономикасына инвестициялаудың артықшылықтары, қай салаға инвестициялар керектігі және т.б. туралы айтып береді. Әкімдер де елдің әр облысында бар жобаларады таныстыруға қатысулары тиіс.Басқаша айтқанда, мемлекет инвесторларға «сіздің қызметкерлер де, сіздің кәсіпорныңыз орналасатын аудан тұрғындары да пайдалана алатын инфрақұрылымды бірлесіп жасайық» деуі permethrin cream canada pharmacy керек.

- Демек, осы тетіктерді kpi-де (тиімділіктің басты көрсеткіштері) жазу керек қой?

Дәл солай. Қазақстандық мемлекеттік компанияларға жұмыс жасауға келетін шетелдіктердің алдына ешқандай мақсаттық көрсеткіштер қойылмайтынын білгенде қатты таңғаламын. Демек, жергілікті басшылардың ешқайсысы осында келетін экспаттардың алдына дұрыс талап қоя алмайды. Нәтижесінде, аталмыш шетелдік мамандар үлкен жалақы алады, сөйте тұра жергілікті қызметкерлерден ешкімді оқытуға тырыспайды. Өйткені оларға мұнда көбірек келіп, көбірек ақша тауып кету пайдалы ғой.Сондықтан, меніңше, әрбір инвестордан не қалайтынымызды айқын жазуымыз керек. Айтап айтқанда, өз білімімізді арттыруды, инфрақұрылымды және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуды!

- Үкіметтегі реформа туралы не ойлайсыз?

Мен қарапайым мысал келтірейін, Қазақстан барлық дамыған елдер секілді ЖҚК дамыту туралы шешім қабылдағалы бері үш жыл ішінде осы бағытқа жауап беретін министр өз командасымен бірге үш рет ауысты, ал инвесторларға жағдай бұрынғыша жоқ.

- Егер кедейлік тақырыбын жалғастырсақ, елдегі өмір сүру деңгейіне әсер ететін түйткілдердің біреуі өзін өзі жұмыспен қамтып, зейнетақы жарналары түрінде қарттайған шағын қамтамасыз етпейтін жандар. Сарапшылар бұл болашақта мемлекеттік бюджетке кері әсерін тигізеді деп дабыл қағуда. Сіздіңше, біздің азаматтар неліктен бүгінгімен өмір сүргенді қалайды?

Бұрынғы себеп – барлық министрліктер зерттеулерді кәсіби жүргізіп, үздік тәжірибелерді пайдаланбайды. Олар велосипедті өздері ойлап табады. Алайда оның қажеті қанша? Егер оны ойлап тауып қойған болса, үздігін таңдаңыз да, елімізге енгізіңіз. Алайда олар әрдайым жаңа, қарапайым халыққа түсініксіз әлдене ойлап табуға тырысады да жатады. Сондықтан осы үдеріс ашық жүрмейді. Ал қоғам болса, керісінше, мемлекеттен тілдесуді, басқа емес, дәл сол үлгінің неге таңдалғанын түсіндіру мүмкіндігін күтеді. Алайда адамдармен ешкім мұны талқыламайды, санаспайды. Нәтижесінде халық сенімсіздік танытады.Тағы бір жайт. Мен мұны әрдайым адамдарға түсіндіруге тырысам – мемлекетке сеніп, қарап отырмаңыз, өз беттеріңізбен әрекет етіп, өз өмірлеріңізді өздеріңіз жоспарлаңыз, әрдайым қаражат жинаңыз, оны тұрақты табыс әкелетін әлденеге салыңыз.

- Сіз кедейлікпен білім арқылы күресу керектігін сан мәрте айтып жүрсіз. Сіз университеттерге жиі барасыз, қазақстандық ЖОО-ларда сөз сөйлейсіз. Біздің жас ұрпақтың әлденені өзгертуге деген қызығушылығына қандай баға бересіз?

Мойындайтын түйткіл – адамдар табысты болу мүмкін екеніне және қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болып, қолданыстағы жүйенің бір жерін өзгертуді бастау мүмкін екеніне сенбейді. Сондықтан бұл тұста мемлекетті қосу керек. Егер ол стартап-жобаларды және ШОБ дамытуға мүдделі болса, оған отандық бизнесмендердің табысты хикаялары туралы фильмдер түсіру қажет. Аталмыш туындылар еліктейтін үлгі болар еді. Ауылдың қарапайым тұрғынының табысты компания құра алатыны, бақытты болып, қоғамға пайда әкеле алатыны туралы түсірсе. Алайда фильмдердің көпшілігі фантастика, рэкетирлер және т.б. туралы шығып жатыр.Менің екінші ұсынысым адамдарды ауқымды әлденеге шабыттандыра алатын әлемдік деңгейдегі үздік спикерлермен вебинарлар ұйымдастыруға саяды. Қазір ғаламтордың арқасында барлығын жасауға болады. Шартты түрде айтсақ, мемлекет сарапшыға қаламақы төлеп, әрқайсысы қосылып, вебинарды тегін тыңдай алады. Алайда мұны ешкім жасамайды.

- Оның үстіне отандық ЖОО-лар сияқты маманды осында шақырғаннан гөрі, вебинар ұйымдастыру әлдеқайда арзан.

Бәрі дұрыс, бұл шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Алайда ең бастысы, бұған шетелдік спикерлер қуана келіседі. Оларға ешқайда барудың қажеті жоқ, бір, бір жарым сағатын жұмсайды, қойылған сұрақтарға жауап береді, онысы үшін жалақы алады. Және бұл мемлекет үшін екі есе арзан болмақ. Бұл біз үшін ғаламтор мен спутниктік ТВ жүргізілген Қазақстанның көп бөлігін оқыту мүмкіндігі. Мұны неге істемейді, түсінсем бұйырмасын. Бәлкім, жасауға деген ниет немесе мотивация жоқ шығар. Алайда мен дегенмен салық төлеушілердің мемелекеттік ақшасын әлдақайда тиімді пайдалануға болады деп санаймын. Басқаша айтқанда, осындай идеяларды жүзеге асырғысы келетін пікірлестер тобын табу қажет.

- Сіз пікірлестер тобы керек деп дұрыс айттыңыз. Сіз осы университеттерге барып, вебинарлар өткізесіз. Қазақстандық бизнес қауымдастық өз білімімен бөлісуге, болашақ ұрпаққа өз тәжірибесін беруге қаншалықты дайын?

Менен жиі біліміңмен неге бөлісесің деп сұрайды. Қазақстандық кәсіпкерлердің көпшілігі мұны жасағысы келмейді, бәлкім мұны олар бәсекелік артықшылығым деп санар немесе басқа да себеп бар шығар. Менің біліміммен және тәжірибеммен бөлісетін себебім – мұның барлығын мен жүзеге асырып қойғанмын, қазір мен басқа бәсекелік артықшылықтарды дамытумен айналысудамын. Адамдардың менің ұсыныстарымды енгізіп, жүзеге асыруына бірнеше жыл кетеді. Менде де солай кеткен. Ал мен осы уақытта жаңа қадамдарды ойластырудамын.Алдамдар әлемнің жылдам өзгеріп бара жатқанын, күн сайын білімді толықтыру керектігін түсіне алмайды. Және бізде бар қазіргі білімді басқаларға беруге қорықпауымыз керек. Сондықтан біздің кәсіпкерлерде тәжірибесімен бөлісуге деген ниет пайда болғаны жақсы. Ары қарай сол адамдар өз мойындарына жауапкершілік алып, облыстық ЖОО-ларға келіп, жарты жылда кем дегенде бір рет ашық дәріс өткізіп, жастарға білім берулері керек. Алайда ЖОО басшылары бастаманы өз қолдарына алса жақсы болар еді. Дәрістер арқылы студенттер арасынан сол компанияларда тәжірибеден өткізі келетіндер немесе өз аймағында қызықты бизнес-жобаны жүзеге асырғысы келетіндер табылып қалар.

- Осының негізінде менторлық институт дами алар еді. Дәл сол студенттер тәжірибелі тәлімгерді қажет ететін әлеуетті стартапшылар болуы мүмкін.

Иә, сондықтан менторлық жүйесі әрбір ЖОО-да болуы керек. Кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда стартапты тек менторлар ретінде ғана емес, инвесторлар ретінде де қолдай алады. Алайда, мұндағы түйткіл стартапшылардың көпшілігі өз идеяларын әлдекім ұрлап алуы мүмкін деп, жария етуге қорқады. Ал сіз барлығын заңды тұрғыдан келістіріп, табысқа жеткен жағдайда пайданың бір бөлігінен үмітті екеніңізді келісіп көріңіз. Егер сізді тіпті алдап кетсе де, бұл сіз үшін белгілі бір тәжірибе болады да, басқа бизнес жобаны сіз адал адамдармен бірге құрастыратын боласыз. Барлық жіберген уақытыңыз бұл сіздің құзыретілігіңіз бен болашақтағы бәсекелік артықшылықтарыңыз.

- Егер менторлық тақыбырын жалғастырсақ. Қазақстанда әзірге кім ментор болуы керектігі жөнінде айқын түсінік жоқ. Бұған байланысты тіпті менторға төлеу керек пе немесе ол стартапшыларға ақысыз негізде өз бастамасымен көмектесуі керек пе деген сауал жиі туындайды. Сіздің пікіріңіз қандай?

Әрбір ментор өзі таңдауы тиіс. Мен басқалар үшін жауап бере алмаймын. Алайда мен табысты бизнес арқылы табам да, менторлықты тегін жасаймын.

Посткеңестік кеңістіктегі негізгі мәселелердің бірі адами құндылықтардың ауысуы. Адамдар айналаңдағыларға мейірім мен махаббат сыйлап, олардың өмірін жақсартуға көмектесу қажет пе деп, күмән келтіреді. Көпшілігі барлығынан өзіне пайда тапқысы келеді. Ал менің пікірім – осы өмірде жетістікке жеткендер көбірек бере білулері керек!Басқаша айтқанда, Қазақстандағы табысты және жақсы ақша табатын кәсіпкерлер өз еліне нендей пайда әкеле алатынын ойлаулары керек. Сенде $500 млн. немесе $1 млрд бола ма, одан сенің өмір сүру сапаң түбегейлі өзгермейді. Сондықтан қаражатты Қазақстаннан тыс жердегі сарайлар мен басқа да қымбат дүниелерге жұмсау керек пе. Халық үшін бірдеңе жасаңыздар, және ауылда жаман, Бордода жақсы демеңіздер. Өз отаныңыздан Таскания немесе Бордоны жасаңыз. Әдемі жерлер бізде де жетерлік! Өнеге алатындай үлгі бол!

Дерексөз: Бизнес&Власть

Добавить комментарий