Блог

«Папа-зал» атты тамаша жоба


26.04.2017
0

«Папа-зал» атты тамаша жоба

Белоруссиялық Гомель қаласында «Папа-зал» атты тамаша жоба іске қосылды. Онда аптасына екі рет әкелері балаларын ертіп, орта мектептің қарапайым спорт залына келеді. Онда олар балалармен ойнайды, өзара тілдеседі, тәжірибе алмасады. Аналары бұл уақытта өздеріне көңіл бөледі, демалады және күш-жинап, үйлерінің берекесін кіргізеді. Бұл жобаны барлық жағынан пайдалы деп есептеймін. Ол тек әйелдерге ғана емес, сондай-ақ балаларға да пайда әкеледі. Отбасында ер азаматтың үлгі бола білгені жөн. Балалары әкелерінің жүріс-тұрысын, не айтатынын, олармен қалай сөйлесетінін көріп өседі. Және ересек өмірге аяқ басқанда қыз балалар бейсаналы түрде әкелеріне ұқсайтын ер азаматты іздейтін болады. Ал ұлдар өскенде әкелері сияқты болғысы келеді. Осының барлығы біздің қоғамымызды құрайды. Екінші бір жағынан балаларда әкелерімен көбірек уақыт өткізуге, басқа балалармен араласуға, жалпы физикалық тұрғыдан дамуға мүмкіндік туады. Оның үстіне, жоба тегін іске асырылуда. Мұндай жобаны Қазақстанда да енгізуге болады деп санаймын. Бұл қазақстандық отбасылардың бірлігін арттырар еді.

Добавить комментарий