Блог

Табандылықтың жетіспеуі


21.04.2017
0

Табандылықтың жетіспеуі

Істі орта жолдан тастап кететініміздің басты себептерінің бірі – табандылықтың жетіспеуі. Осының салдарынан белгілі бір машықты меңгеру қиын болып жатады. Мысалы: шет тілін үйрену, қандай да бір музыкалық аспапты игеру немесе ас әзірлеп үйрену. Осы кемшіліктен арылу үшін белгілі бір әдістерді қолдана отырып, өзімізді міндеттерді орындауға баулуымыз керек: 1. Жақсы стимул табу керек – жасап жүргеніңіз тек өзіңіз үшін ғана емес, жақыныңызға, мысалы анаңызға көмек болуы мүмкін. Сол кезде жеңіл беріле салып, істі тастап кетуге дәтіңіз бармайды. 2. Айналаңызда ондай мақсатқа қол жеткізген адамдар болсын. Бұл өзіңізге деген сеніміңізді айтарлықтай күшейтеді. Жаттықтырушыны немесе жақсы серіктесті табыңыз. 3. Барлығын жоспарлап, жазып жүруді үйреніңіз. Жазылғанның барлығының мерзімі мен маңыздылығы болады. Басымдылықтарды жоспарлаңыз. 4. Басқа адамдарға үйретуді бастаңыз. Алған білімдеріңізбен бөлісіңіз, сол кезде игерген материалдарыңызды әлдеқайда тиімді әрі ұзаққа жадыға тоқисыз. Барлығы тек өзіңізге байланысты. Бәрі де өз қолыңызда!

Добавить комментарий