Блог

Ақтаулық дарынды мектеп оқушысы


06.04.2017
0

Ақтаулық дарынды мектеп оқушысы

Шын мәнісінде, өзінің зияткерлік/шығармашылық әлеуетін іске асырғысы келген адам үшін мүмкіндік көп. Мұны тіпті мектеп оқушысы да дәлелдеп бере алады. Мысалы, ақтаулық дарынды мектеп оқушысы Сәттіғали Жолдасбай көзі нашар көретін және зағип жандарға арнап, смарт-тақия жасап шығарды (!). Ауылындағы атасына барған ол көзінің нашарлығынан үнемі кедергілерге тап болатынын байқайды. Осылайша, смарт-тақия жасап шығару туралы ой пайда болады. Бас киімге қозғалыс құрылғысы, микроплата мен вибромотор орнатылған. Пайда болған кедергі туралы ақпаратты құрылғы тіркеп, платаға береді. Ары қарай кішкентай мотор жұмыс жасайды. Адам оны естіп, уақытылы жан-жағын бағамдап, бағытын өзгерте алады. Алып бара жатқан не данышпандық бар дерсіз. Алайда бұл осыған дейін ешкімнің ойына келмеді. Ештеңені күрделендірудің қажеті жоқ, барлығы көбінесе көзіміздің алдында жатады. Жан-жағыңызды бақылап, пайымдап жүріңіз. Сол кезде идея өзі келеді. Осылайша, сіз жаңа бір кәсіп ашуыңыз ғажап емес. Сондықтан, достар ойланыңыздар: сізге және жақындарыңызға не жетіспеуі мүмкін? Қос әсерлі тамаша шешім.

Добавить комментарий