Дәрістер

Серікбай Бисекеевтің табысқа жету жолы


03.04.2013
0

Серікбай Бисекеевтің табысқа жету жолы

3 сәуір күні әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да Қазақстанның Жас кәсіпкерлері қауымдастығының «Бизнеске жол көрсет» әлеуметтік жобасының аясында дәріс өтті.Дәрісті тыңдауға Алматының жетекші жоғары оқ орындарының 350-ден астам студенті қатысты. Серікбай Бисекеев өзінің бизнестегі жолы туралы, өз арманына жету жолында кездескен қиындықтар, жаңа көкжиектер мен мүмкіндік туралы айтып берді. Студенттерді әсіресе, стартап мүмкіндіктері, республика аумағында өзіндік істі табу жолдары, өз ісіне инвестиция құю мәселелері қызықтырды.

Түстен кейін кәсіпкер әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің «Алгоритм» бизнес-инкубаторының аясындағы жоба әзірлемелеріне қатысатын бір топ студентпен кездесті.Әлеуетті кәсіпкерлер бірқатар жобаларды таныстырды: анимациялық фильмдер жасау, қолда бар мультфильмдерді 3D-ға ауыстыру, ұялы бағдарламаларды жасау, e-Leaning бойынша әзірлемелер. Бизнесмен студенттерге өз өнімін дамыту, өз бизнесін құру үшін қалай топ құру керектігі жөнінде кеңес берді.

Добавить комментарий