Дәрістер

ООО «Арман» ЖШҚ президенті Серікбай Бисекеев жастарға өзінің табысқа жету жолдары жайлы айтып берді


14.02.2013
0

ООО «Арман» ЖШҚ президенті Серікбай Бисекеев жастарға өзінің табысқа жету жолдары жайлы айтып берді

2013 ж. 14 ақпаны күні Nazarbayev University-де Жас кәсіпкерлер қауымдастығының «Бизнеске жол көрсет» әлеуметтік жобасының аясында «Арман» холдингінің президенті Серікбай Бисекеев дәріс оқып, табысқа жету жолы туралы айтып берді.2012 жылдың аяғында Серікбай Бисекеев кәсіпкерлік саласында беделді халықаралық марапатқа ие болды, енді табысты бизнес құрып, басқару саласындағы өз тәжірибесін жас ұрпаққа бермекші.Бизнесмен жоғары технологиялы компанияның қалыптасуы туралы айтып, жастарға тәуекелге бел буудан қорықпауға кеңес берді.

«Біздің компаниямызда біз күн сайын жаңа нәрселер үйренеміз, кітаптар оқимыз, тренингтер өткізіп, ол ақпаратпен ішкі портал арқылы барлығымен бөлісеміз».«Мықты команда құру үшін әлемді өзгерткісі келетін, оны жаңашыл, бәсекеге қабілетті еткісі келетіндерді табу керек. Басқарушылар өз құзыреттерін қоластындағыларға тапсыруды үйреніп, оны жақсы нәтижеге ынталандыру керек. Әрбір жеңіске мән беріңіз, әрбір қызметкерге «Рақмет» айтыңыз».«Кеңес алыңыздар, алайда өз бетіңізбен шешім қабылдаңыз».«Жылдам шешім қабылдау үшін процестерді автоматтандырып, жүйлендіру керек».

Добавить комментарий