Басқасы

Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы: қорытынды


02.04.2014
0

Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы: қорытынды

Алматыда 27 наурызда Қазақстан-Сингапур бизнес-форумын өткіздік.

Сингапурлік компаниялардың назарын аударып, оларды әңгімеге тарту Қазақстанның халықаралық нарықта алға жылжуының бір қадамы деп ойлаймын. Біз сингапурлік компания өкілдерін Қазақстандағы сансыз мүмкіндіктермен таныстырдық.

Форумға Қазақстан мен Сингапурден 100-ден аса бизнес өкілдері жиналды. Қазақстандық және сингапурлік компания өкілдері арасындағы бетпе-бет кездесулер форумның өзекті бөліміне айналды. Қатысушылардың пікірлеріне қарағанда, бұл кездесулер баянды ынтымақтастықтың бастауы болды. Елдегі бизнесті дамыту жолында шынайы да жүйелі қадамдар жасағанымызды сезінудің өзі ғанибет. Кәсіпкерлерге қолдау көрсеттік, инвесторлардың назарын Қазақстанға аудардық.

Александр Слепцов: Құрметті Бисекеев мырза, Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық жөніндегі форумда сөйлеген сөздеріңіз үшін рахмет! Сіздің кадрлық әлеуетке аса мән беріп, мұны әрі қарай дамытуды маңызды санайтыныңызға тәнтімін. Осындай форумды ұйымдастырғаныңыз және еліміз үшін істеп жатқан жақсы істеріңіз үшін Сізге деген құрметім шексіз.

Ақыл Отарбаева: Бұл, шынында да, танымдық әрі қызықты форум болды. Пайдалы ақпараттар алып, бизнеске қатысты контактілер алмастық. Ұйымдастырушыларға рахмет!

Kseniya Yuzhaninova: Серікбай, осы форумды ұйымдастырғаныңыз үшін үлкен рахмет, бұл – өте тиімді іс-шара.

Alizhan Tazabekov: Жалпы алғанда, форум өте жақсы өтті. Ұйымдастыру деңгейі іс-шараға толығымен сәйкес келеді. Соның арқасында екі елдің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері туралы өз білімімді кеңейттім. Мұндай іс-шаралар Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді деп ойлаймын.

Suzhikova Balzhan: Құрметті Бисекеев мырза, осындай тамаша форумды ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге және Сіздің командаңызға зор алғыс айтамын! Gobi Management өкілі, мистер МОКпен жолығу кезегінде тұрған кезде мен КИМЭП-тің екі түлегімен таныстым және біз университетімізде жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-инкубатор құру туралы шешімге келдік. Мен Сізге табыс тілеймін. Сіз сияқты өз елінің тағдырына немқұрайды қарамайтын адамдар басым болса, мынадай табиғи және HR-қоры бар біздің еліміз гүлдене түспек! Сіздің КИМЭП-те оқыған дәрісіңізден көптеген студенттер жаңа да тың күш алды деп ойлаймын.

Добавить комментарий