БАҚ

Бизнесмендер қазақстандық кеңесшілерге шамадан тыс кеудемсоқтықтан арылуға кеңес береді


28.01.2014
0

Бизнесмендер қазақстандық кеңесшілерге шамадан тыс кеудемсоқтықтан арылуға кеңес береді

Өткен жылдың соңында Қазақстанның Премьер-министрі Серік Ахметов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке отандық консалтингті дамыту бойынша бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

«Олардың әлемдік компания екендері және олардың пікірімен санасуымыз керек екені белгілі. Алайда біз өзіміздің консалтингтік қызметтерімізді жергілікті шоғырландыру мәселелерімен айналыспаймыз. Бұған аса мән беру керек, - деп санайды Ахметов мырза. – Бізге инженерлік-техникалық мамандар керек. Біз үдемелі индустриалдандыруға бет алып барамыз. Экономикамызды әртараптандырамыз. Бізге дуалды білім, бейінді техникалық білім керек. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз. Тұтас бағдарламалар бар, алайда мен қызметкерлері шетелде білім алған және мұндай мүмкіндікке ие көптеген консалтингтік компанияларды білемін», - деді министрлер кабинетінің басшысы.

«Капитал.kz» жүргізген сауалнамаға жауап берген сарапшылар премьердің бастамасын қолдайды (2013 жылғы 19 желтоқсандағы №47 «Капитал.kz» қар.). Алайда консалтингтік қызметті пайдаланушылардың өздері, демек отандық кәсіпкерлер ҚР үкіметінің бастамасына қатысты басқаша пікірде.

«Қазақмыс» компаниялар тобының жоба менеджері Сәкен Сәдуақасовтың айтуынша, бизнес өзгерген, ол бұрынғыдай жас әрі аңғал емес, ол кәсіби қызметтер алудан үмітті. Оның үстіне, қазіргі таңда менеджментте консалтингке қойылатын талаптарды әлдеқайда дәл жасап, қызметтер нәтижелері мен сапасына баға бере алатын мамандар пайда болды. Әлдекім Батыста білім алған, әлдекім кәсіби консалингтен келген, ал енді біреулер компанияда ұзақ жыл жұмыс жасап, нарықтың талаптарын бойына сіңіріп, бәсекелі ортада даму мен жетілдіруді талап ететін мақсаттарға қол жеткізумен айналысқан.

«Дегенмен, отандық консалтинг өкінішке орай, әлі де нарық бұрынғыша күрделі, болжап білу мүмкін емес, бізді бұл жерде ешкім күтіп тұрған жоқ деген пікірде», - дейді Сәдуақасов мырза.

Консалтинг – бұл біріншіден, қалыптасқан жағдаятты талдап, түйткілді дұрыс анықтай білу. Екіншіден, барлық қолданыстағы сыртқы тәжірибені талдай келіп, шешім нұсқаларын ұсыну. «Арман Холдинг» КТ президенті Серікбай Бисекеев айтқандай, өзін кеңесші деп атайтындарға шектеу осы жерден келіп шығады. Кеңесшілер жоғары деңгейде талдау, материалмен, деректермен жұмыс жасай алу қабілеттеріне ие болып, сұрақ қоя білулері тиіс. Мұнан басқа, оларда іс жүзіндегі алуан түрлі тәжірибе болуы керек, әлемдік тәжірибе болса тіптен жақсы. Ол велосипедті қайтадан ойлап таппай, біреулердің қателерін қайталамауға мүмкіндік береді. «Сондықтан мен әрдайым адамның іс жүзінде қолынан не келетініне, өзінің неге қол жеткізгеніне, өзіндік тәжірибесі қандай, қалай ой топшылайды, қалай талдайтынына мән беремін», - деп нақтылайды сарапшы.

Сондай-ақ, Бисекеев мырзаның пікірінше, біздің ұжымдық мәдениетке деген кеңесшілердің көзқарастарының сәйкестігі аса маңызды. Кеңесші сізге дәл сәйкесіп, сіздің мақсаттарыңызды, сіздің философияңызды түсініп тұруы тиіс. Сол кезде ол расында да сіздің біліміңізді молайтып, дәл сіздің бизнесіңізге келетін шешімдер табуға көмектеседі.

«Егер мен Қазақстанда жүргізілетін бизнес үшін кеңесші таңдасам, алуан түрлі әлемдік тәжірибесі бар, халықаралық тәжірибеге қолы жететін, оны Қазақстанда қолданған, жергілікті ерекшеліктерді түсінетін, елді жақсы сезінетін адамды таңдар едім», - дейді «Арман Холдинг» КТ президенті.

Отандық консалтингтік компаниялар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру үшін, бизнес өкілдерінің пікірінше, олар өз штаттарына өз ісін жақсы білетін нағыз кәсіпқойларды шақырулары тиіс. «Бәлкім оларға көбірек төлеу керек болар, алайда меніңше, кездесуде сізді қызықтырған сұрақтар бойынша шамалап қана жауап беретін мамандар кезіккенде, компанияның мүмкіндіктері туралы мәлім болады», - дейді Бисекеев мырза.

Мұнан басқа, оның пікірінше, белгілі бір өзіндік әдіснама құру керек. Бұл әлдеқайда қиын. Немесе нарықта бар және батыстық компаниялардың тарапынан ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан тексерілген тәжірибемелермен жарақтану керек. Бизнес өкілдерінің айтуынша, консалтингтік компаниялар барлық бұқаралық іс-шараларға белсене қатысып, өздері туралы жария етулері тиіс. «Және әрине тартымды, өз ойын сауатты жеткізіп, компания мүмкіндіктерін көрсете алатын көшбасшы болуы тиіс», - дейді Сәкен Сәдуақасов. Әрбір консалтингтік компанияда ғаламтор-алаңы – портал болуы тиіс. Ол кез келген жағдайда компанияға керекті қызметті іздеп, жүгінуге мүмкіндік береді. Бизнес консалтингтік компанияға жолығатын жер десе болады.

«Және ең бастысы – сізге не керек екенін бәрінен артық білеміз, мұны барлығынан асыра жасаймыз деген шамадан тыс кеудемсоқтық пен өркөкіректіктен арылу керек. Қазақстандық консалтингтің заманауи өкілдері болыңыздар, барлығын кәсіби түрде әрі уақытылы, тіпті жауап қайтару мәселелері бойынша да ешбір кідіріссіз жасаңыздар», - деп санайды Сәдуақасов мырза.

IT-сәулет бойынша қызмет көрсететін компаниялар

Нарықтың өзіндік ерекшеліктері бар, бизнеске арналған ІТ-шешімдер жасаудың күрделі ұғынылатын салаларында белгілі бір білімдерді талап етеді.

Түрлі деңгейлі әрі құрамды компанияларды қамтитын біртекті емес топ.

Кейбіреулері екі-үш ІТ-маман достардың одағынан құрылады. Сөйтіп, ІТ-инфрақұрылым жасау бизнес көзіне айналған ірі ойыншылардың, ІТ-мен айналысатын сауда компанияларының бірі назар аударып, өзіне жұмысқа алмайынша немесе мәліметтер базасының әкімшісі сияқты қызметтерге шақырмайынша жүре тұрады.

Дегенмен нарық дамып жатыр, түрлі шағын компаниялардың бірігуі немесе ірі ІТ-компаниялардың бағыттарының дамуы арқылы жаңа сапалы деңгейге шығады деуге негіз бар.

Даму бар, перспектива да түсінікті, алайда бүгінгі таңда нарық маркетингтік бастамалар тұрғысынан әлі де белсенді емес. Дегенмен, орташа компаниялар нарықтың шектеулігіне және жергілікті қызмет провайдерімен жұмыс істегісі келетіндіктен, жергілікті серіктес табуға тырысады. Шағын және орташа компаниялар түгелдей дерлік қамтылған, ал ірі нарық жергілікті компанияларға әлі де сенімсіздік танытады және ұзақмерзімді келісімшарттар жасасуға дайын емес. Алайда бір мәрте болса да ірі бизнес те жобаларына шақыра алады. Себебі, жергілікті мамандарға деген сенімсіздікке қарамастан, басқа елдерден әлдекімді шақыру біртүрлі болар еді, оның үстіне, мұндай қызметтер нарығындағы бағалар жеткілікті дәрежеде бәсекеге қабілетті.

Қорытынды: ерте ме, кеш пен бұл нарықтың қажеттілігі қанағаттандырылады, бағдарламашылар мен ІТ-сәулетшілердің келесі буынын күте тұру керек, олар әлдеқайда көбірек болады. Себебі ІТ-технологиялар жылдам дамиды және жастар үшін аса қызықты.

Бизнес-ұсыныстар бойынша түрлі ІТ-шешімдер енгізетін компаниялар

Өзінің сипаты мен құрамы бойынша алуан түрлі үлкен бағдарлама.

Біріншіден, 1С. Шағын және орта бизнеске арналған ресейлік ERP. Мұнда барлығы түсінікті, балама жоқтың қасы: не бізбен, қазақстандық компаниялармен болады, не ештеңе жоқ. Компаниялар деңгейі шамамен бірдей. Себебі шешімді өзіндік кастомизациялау бұл компанияның мамандарынан басқа ешкімнің байыбына бармайтынын білдіреді. Бұл өмірлік қолдау, бұл компания үшін енгізетін жоба болмағанның өзінде жыл сайын белгілі бір ақша мөлшерінің тамып тұратынын білдіретін белгілі бір сақтандыру болып табылады. Дегенмен, нарық жеткілікті деңгейде дамыған және қажеттіліктерді де, қалтаны да қанағаттандыратын шешім табуға болады. Ішкі сезім бойынша, белгілі бір қауымдасу мен жабықтық бар сияқты. Бұл кейде кейбір компаниялармен қисынды қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіреді. Нарық дамуының осындай шектеулері жергілікті компанияларды өзіндік мамандарды тәрбиелеуге назар аударуға итермелейді. Себебі «1С маманы» деген мамандық қазір бұрынғыдай танымал емес. Алдыңғы топтағыдай әлі де еркін қозғалыстағы фрилансерлердің жоғалып бара жатқан түрі тіршілік етуде. Олардың жұмысы сапа мен баға бойынша ерекшеленеді. Дегенмен, нарық дамыған және дербес. Шолу ретінде айта кетсек, кейбір 1С компаниялар дамудың басқа да бағыттарын игере бастайды, бұл нарық пен өзіндік дамуға деген салмақты қарым-қатынасты білдіреді.

Екіншіден, басқа ERP шешімдер енгізетін ІТ-компаниялар. Қызықты топ, алайда өкінішке орай, әлі де өз бетімен дами қоймаған. Бұл түсінікті де, себебі көбінесе барлық жүйелер – қазақстандық әзірлеме емес, сондықтан кез келген даму мен қолдау негізгі компанияның көмегін талап етеді. Оның үстіне енгізу туралы бизнес шешім қабылдауға көбінесе ішкі факторлар әсер етеді, олар ІТ-компанияларға әрдайым түсінікті бола бермейді. Нарықтың болашағы зор. Бастысы – бизнес-трендтегі жүйені табу және кеңесшілердің өзіндік штатын дайындау. Нарық әрдайым жұмыс істеп, біртіндеп дамитын болады. Болашағы қуантады, алайда дербестік туралы сөз қозғау әлі ерте.

Үшіншіден, басқа ІТ-бизнес-бағдарламалар енгізетін ІТ-компаниялар.

Жалпы алғанда нарық алдыңғы топқа ұқсайды, алайда бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Аталмыш топта белгілі бір жүйені таңдағанда шешім қабылдауға әсер ете алатын тартымды және сауатты сатушының рөлі аса маңызды. Өкінішке орай, мұндай қызметтерді дамыта алатын нағыз көшбасшылар әзірге жоқ. Бәлкім, қандай да бір маркетингтік шешімдер тауып, түрлі бұқаралық кездесулер мен семинарларға қатысып, қалай да қызметтерді белсендірек ұсынып, нарықты зерттеп, тіпті шоу-бизнес жұлдыздары сияқты аймақтарды аралап, жер-жердегі әлеуетті компаниялармен кездесулер ұйымдастыру керек шығар. Бәрі де мүмкін. Дәл қазір компаниялардың аймақтық директорлары ІТ-шешімдерге зәру, алайда барлық тілектер мен қажеттіліктерді іс жүзіндегі жобаларға айналдыратын мамандарды әзірге көре алмай отыр. Ақпараттың жетіспеуі – қазақстандық нарықтағы басты түйткілдердің бірі осы.

Бизнес үдерістер және т.б. бойынша қызмет көрсететін компаниялар

Нағыз бизнес-консалтинг осы. Қазақстандық компаниялардың қалаулары үшін негізгі шайқас осы жерде жүреді. Белгілі бір салалық шешімдерге мамандандырылған дүниежүзіне танымалдардан бастап, шағын компанияларға дейінгі кең спектр. Бұл ешбір бәсеке жоқ, абсолютті тәуелді компаниялар нарығы. Шағын консалтингтік компанияларды айналасына шоғырландырған өнеркәсіптік алыптар бар. Шағын компаниялар тек соларға қызмет етеді. Мұндай әрбір корпорацияның өз жиынтығы бар және көбінесе бұл компаниялар соған қарай маманданады. Бұл ретте консалтингтік компаниялар көрсететін қызметтер көбінесе қазақстандық заңнама ерекшеліктерімен байланысты, жобалардың өздерімен байланысты емес.

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий