БАҚ

“Даму” қоры мен банктер мемлекеттік бағдарламалар аясында қарыз алушылар ұсынатын мәліметтерді біріздендіру бойынша шешім іздеуде


20.02.2015
0

“Даму” қоры мен банктер мемлекеттік бағдарламалар аясында қарыз алушылар ұсынатын мәліметтерді біріздендіру бойынша шешім іздеуде

Сәрсенбі күні «Даму» КДҚ-да мемлекет қорландыратын бағдарламалар аясында несие алу, және банктердің ондай өтінімдер бойынша несиелік шешім қабылдау үдерісін жеделдету үшін әлеуетті қарыз алушылардың өтінімдерін біріздендіру туралы қор мен оның директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Серікбай БИСЕКЕЕВ пен Ораз ЖАНДОСОВТЫҢ идеясы талқыланды. Күтілгендей, бастама банктердің қатысушы өкілдері тарапынан қолдау таппады, себебі банк сияқты консервативті қауымдастық пен өзінің ішкі үдерістеріне ешкімді араластырғысы келмейтін ұйымдарды табу қиын.

Бисекеев мырза жасаған ұсыныс арнайы электронды порталда өтінім беру мүмкіндігін қарастырады. Өтінімде банктердің барлық тілектері, мемлекеттік құрылымдардағы бар мәліметтер, оның ішінде төленетін салықтардың көлемі туралы мәліметтер қамтылатын ақпарат, сондай-ақ Бірінші несие бюросының жүріс-тұрыс скринингі болуы тиіс. Ары қарай осы порталға қолы жететін банктер осы әлеуетті қарыз алушымен жұмыс істеп, одан қосымша ақпарат сұрап, белгілі бір дәрежеде ол үшін таласар еді. Бисекеев мырза қарыз алушылардың кейде бірнеше банкке құжат жинап, қиналып, жүгірмей, банктердің қарыз алушыларға мүдделі болуын маңызды деп санайды.

Шағын бизнестегілерде банкте танысың болмаса, несие алу мүмкін емес, және несие алу бір бітпейтін жүгіріс деген түсінік қалыптасқан (Банкирлердің бірі айтқандай, «қарыз алушылардың үнемі көңілі толмайды, егер несиені тез берсе, оған да көңілі толмайтын болады»). Бисекеев мырза несие беру туралы шешім Түркиядағыдай бір күн ішінде қабылдана алады деп санайды, ешкім Қазақстанда интеллектуалды әлеует төменірек дей алмайды ғой. Бір күн ішінде несие беру туралы ұсыныс қуана қабыл алынбады, Талқыланғаннан кейін ол өз өзектілігін жойып, тараптар өтінімді қараудың бірдей ең көп уақытын қарастыруда. Банктердің сондағы айтқан уәждері оларға кепілзаттардың физикалық күйін тексеру қажет екендігі. Ал оған кем дегенде бір апта керек деді. Банктер несиелік тәуекелдерге барады, және шетелдік әріптестер бір күн ішінде шешім қабылдағанда, онда қамтамасыз ету кепілзат түрінде емес, кепілдіктер түрінде шығар. Егер «Даму» барлық қарыз алушыларға кепілдік берсе, несие туралы шешім қабылдау үдерісі автоматты түрде өтер еді. Бұл «Онда сіздер не үшін керексіздер?» деген сұрақ туғызып, оған «Осындай кең таралған желіні тағы қайдан табасыз» деген жауап болар еді.

Бұдан маңыздырақ уәждер «басымдылықтың шын мәнісінде қарыз алушылар» жағында екенімен байланысты, алайда бизнес жария болмай отыр. Банктерге көп жағдайда қаржылық талдаумен айналысуға тура келеді, себебі белгілі бір жағдайларда салық органдарына арналған ресми қаржылық есептілік негізінде қандай да бір қорытынды шығару мүмкін емес, және банктерге бизнесмендердің табыстарының шын мәнісінде жоғарырақ екенін тексеруге тура келеді. Кей жағдайда қарыз алушылар жекелеген бизнестер емес, компаниялар топтары болып жатады. Шағын бизнеске несие беретін көптеген банктерде скоррингтік үлгілер бар. Біріздендіруге байланысты несие берудің қандай да бір параметрлерін өзгерту бағдарламалық қамтымдағы күрделі және ұзақ өзгерістерге немесе «ішіңдегі бір бау жантақпен» несие беруге оралуға әкелер еді.

Халық банктің басқарма төрағасының орынбасары Станислав КОСОБОКОВ сонымен қатар бизнестің жария еместігін және біздің банктерде РФ-дағыдай ақпарат көлемі мол заңды тұлғалар тізіліміне емін-еркін кіретін құралдың жоқтығын атап өтті. Мұнан басқа, қарыз алушыны белгілі бір санатқа жатқызатын белгілі бір талаптар реттеушісіне сәйкес банктер есебінің негізіндегі микро, шағын және орта бизнесті несиелеу туралы Ұлттық банктің статистикасының болуы аса маңызды болды. Осы статистика негізінде мысалы банктердің нарықтық үлестеріне байланысты айқындық болар еді, олар өз стратегияларын түзете алар еді.

Ал жалпы клиенттер үшін жағдайды жақсартудың басты факторы банктер арасындағы бәсекелестік болып табылады, оның деңгейі жоғары. Жандосов мырза негізгі өзгерістер бәсекелестіктің ықпалымен болуы мүмкін екеніне келіседі, алайда оның пікірінше, әңгіме дегенмен не Ұлттық қордан тікелей, немесе халықаралық қаржылық ұйымдардың несиелері (Бисекеев мырзаның айтуынша, шамаланған бағалаулар бойынша мұндай несиелер $800 миллионға дейін баруы мүмкін) есебінен мемлекеттік кепілдікке берілетін мемлекеттік ақшалар туралы айтылып отырғанын ұмытпаған жөн. Қаржылай көмектер дегенмен банктерді емес, қарыз алушыларды қолдау үшін жасалады, ал шешімді қараумен байланысты кідіртулер тек банктерге ғана емес, жалпы мемлекеттік бағдарламаларға деген теріс көзқарасты қалыптастырады. Тәуелсіз директорлар сонымен қатар шағын бизнес жағдайында әңгіме білім мен ақпараттандырылудың жеткіліксіздігі жайында деп санайды, ал орта бизнес ондай қолдауды қажет етпеуі де мүмкін.

«Даму» басқармасының төрайымы Ләззам ИБРАГИМОВА қордық өзі кепілдіктерді мемлекеттік құрылымдар тарапынан барлық ықтималды ақпаратты беруге негізделген ұқсас ақпараттық жүйе арқылы беруге ниетті екенін айтып өтті. Бұл ретте жүйеде бірнеше кедергілер бар: олардың біріншісінде жалған кәсіпкерлерден, одан кейін төлем тәртібі дұрыс болмағандардан арыламыз. Ал салық органдарына арналған бухгалтерия мен іс жүзіндегі табыс деңгейі арасындағы елеулі айырмаға қатысты айтар болсақ, Ибрагимова ханымның бағалауынша, кепілдіктер мен несиелерді төленетін салықтар сомасына қарай беру дұрыс. Егер қарыз алушы ол төлемдерді көбейтсе, ары қарай қолдау сомалары да арта береді. (Банкирлер алайда асығудың, қызуқандылыққа салудың керегі жоқ деді. Себебі Жандосов мырза мүмкіндіктердің бірі ретінде тек «ақ» бизнес қаржыландырылуы керектігі туралы қатаң нормативтік актінің қабылдануын атады).

Әрине, бірнеше жыл бұрын мұндайды талқылау мүмкін емес еді. Ал қазір мемлекеттік бағдарламалар мен квоталар аясында белгілі бір банкке берілетін қорландыру айтарлықтай мықты аргумент болып табылады. Банктердің ұстанымы да назарға алынды, және талқылаудың соңында екі тарап та мұндай өзгерістерді тек микробизнес үшін қолдану керектігі туралы сөз қылды. Ибрагимова ханым жұмысшы топтың келесі кездесу і екі аптадан кейін өтуі тиіс деп санайды. Онда банктерге e-gov порталының қазіргі мүмкіндіктері таныстырылып, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардан ақпарат үсыну үшін техникалқы шешімдер әзірлеумен айналысатын құрылым басшылығымен кездесу өтуі мүмкін. «Даму» бюджеттік шығыстардың көмегімен осындай техникалық шешімдерді қаржыландыру жолымен жүрді, алайда банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы олардың мүдделеріне орай коммерциялық негізде де мәліметтерге қолжетімділік туралы келісе алады.

Егер пікірталастар нәтижесінде «төңкерістік дұрыстық» емес, қабілетті тетік құрыла білсе, банк саласының өзіне де тиімді болар еді. Микробизнестегі жақсы қарыз алушылар ашық бәсекелестіктің нәтижесінде оның түсінігі жақсарар еді. Оның үстіне, қаржыландыру үшін анағұрлым ұтқыр болып бара жатқан клиенттік базаны тек мемлекеттік бағдарламалар аясында ғана емес, одан да тыс кеңейту мүмкіндігі туар еді.

Добавить комментарий