БАҚ

С. Бисекеев Астана экономикалық форумының өткізілу аумағын кеңейтуді ұсынды


05.11.2013
0

С. Бисекеев Астана экономикалық форумының өткізілу аумағын кеңейтуді ұсынды

Бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның елордасында өтіп жүрген ауқымды экономикалық форумды танымал кәсіпкер Серікбай Бисекеев әлемнің түкпір-түкпірінде өткізуді ұсынды.

«Астана форумы – бұл өте сауатты идея. Алайда, меніңше, оны тек Астанада ғана өткізбеу керек. Ол әлемнің түкпір-түкпірінде өтуі тиіс, себебі адамдардың көпшілігі Астанаға ұшып келе алмайды. Бұл жерде тек қаржы мәселесі емес, уақыт мәселесі. Егер Астана экономикалық форумы мысалы Бразилияда, Сингапурда, ОАР-да өтетін болса, Қазақстанның әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы бүкіл әлем білетін болады. Тек мемлекеттің қаржысы ғана үнемделіп қоймай, ең бастысы – бүкіл әлемді аралауға уақыт аз кетеді. Себебі көптеген саясаткерлермен және бизнесмендермен бір жерде кездесуге болады», - деген ұсыныс білдірді С. Бисекеев.

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий