БАҚ

Ертең әрбір адам премьер-министр атана алады


25.01.2013
0

Ертең әрбір адам премьер-министр атана алады

Серікбай, сырттай Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына қандай баға бересіз?

Мен сіздің басылымдарыңыздан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы туралы оқыдым. Идеяның өзі жақсы. Бизнесмендер әдетте мемлекеттен не күтеді? Оларды ешкім алаңдатпай, жұмыс істеуге мүмкіндік көп болғанын қалайды. Егер кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізсе, мен 99%-ның «мемлекет заңдарды бизнеске кедергі келтірмейтіндей және барлық бастамаларды қолдайтындай етіп жазсын» дейтініне сенімдімін. Көпшіліктің тілегі осы екеніне күмәнім жоқ. Тек қана олигархтар оларды дүниежүзі бойынша және Кедендік одақта қорғағандарын, жеңілдіктер жасағандарын қалайды. Ал олиграхтардың саны бүкіл ел бойынша бар болғаны бес адам. Олар онсыз да мемлекеттен тіленгіш, демеуқаржы тетіктерін талқылайды. Меніңше, кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің негізгі қажеттіліктерін басты назарда ұстап, ойын ережелерін бір жобаға келтіруілері тиіс. Сол кезде барлығы егер ереже бұзылса, қауымдастықтың ресми қорғанысы қосылуы тиіс екенін білуі тиіс.

Қазір Қазақстанда экспорттау бағдарламасы жұмыс істеуде, мемлекет біздің кәсіпкерлердің сыртқы нарыққа шығуына жағдай жасайды. Бұл жерде мемлекет көмектесуі тиіс пе? Әлде кедергілерді алып тастауы керек пе? Себебі оларды алып тастаса жеткілікті, бизнес ашық алаңда бәсекеге төтеп беруі қажет.

Иә, мен ашық бәсекенің, нарықтық шарттарды жақтаймын. Менен баспасөз жиі мемлекет тарапынан қарастырылатын көмек туралы сұрады. Ондай көмек болуы керек пе, керек емес пе, гранттар берген жөн бе деп. Менің жауабым: статистиканы алыңыз да, қандай компаниялардың грант алғанын және оларда не өзгергеніне зер салыңыз. Ол компаниялар екінші рет, үшінші рет грант сұрауда. Бұлай жылы жағдай жасап, шайнап берудің қажет жоқ. Меніңше, әрбір кәсіпкер жергілікті деңгейде аяққа тұруы тиіс, содан кейін егр ол басқа нарықтарға шығам десе, мемлекет көмектесе алады. Алайда аталмыш компания өнімі жергілікті нарықта бәсекеге қабілетті болуы тиіс, сол кезде шетелдегі бәсекелестікпен еш қиындық болмайды. Біздің Үндістанда, Сингапурда, Германияда өкілдіктеріміз бар. Біз сол елдермен жұмыс істейміз, олардың заңдарын зерттейміз, қай елге кіруге болатынын, қай елге кірудің қажет еместігін анықтаймыз.

Сіз Қазақстанның тумасысыз, алайда бизнесіңізді Ресейде бастадыңыз...

Иә, мен 16 жасымда білім алу үшін Санкт-Петерборға аттандым. Себебі Мәскеу мен Питерде білім алсам, Қазақстанға пайдам тиетінін түсіндім. Ресейде мен диспетчерлік байланысты ұсынатын телекоммуникациялық компаниялар құрдым. Сол үшін «Жыл кәсіпкері» де атандым. Көпшілігі Қазақстан мен Ресейде ресурстарды сатуды тоқтату керек дейді, «Ресейде жасалған» немесе «Қазақстанда жасалған» деген табысты тұтынушылық өнімдерді жасай алмады. Байқау бойынша мысалы, менің бәсекелестерім миллиардерлер тіреп тұрған «Уралкалий», «Таиф» сияқты компаниялар болды. Алайда байқауда «кім үлгі алуға тұрарлық ?» деген сұрақ негізге алынған секілді. Жер қойнауын жекешелендіріп алған адам ба әлде көбірек жоғарыға көтерген бе? Кәсіпкерлік бұған саяды деп айтуға келмейді. Сондықтан ұйымдастырушылар өздерінің байқауында жастар бетке ұстайтын, бизнесті ағаларынсыз нөлден бастаған жандарға басымдылық берілетінін айтады. Себебі, ондай тұлғалар көпшілік бет түзейтін үлгі бола алады.

Және «қорғаушысы» жоқ бұл бизнес басқалармен салыстырғанда, түсінікті заңнамаға зәру ме?

Әрине. Мысалы, біз Қазақстанда жел электр стансасын салғымыз келеді. Алайда, еліміз мемлекет басшының көрегенділігінің арқасында жетекші тақырыптарының бірі – жасыл технологияны дамыту болып табылатын ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын ұтып алса да, бұл жобаның әзірге жүзеге аспайтынын түсініп отырмыз. Неліктен? Себебі заңдар жоқ. Инвестицияның қайтарымы бойынша ашық заңдар болмайынша, Қазақстанға бірде-бір инвестор келмейді. Мен жел электр стансасын сала аламын, алайда электр қуатын сатып алатын ешкім болмайды. РЭК-тер жартылай банкротқа ұшыраудың алдында, ешкім оларға ақша бермейді. KEGOC ұлттық компаниясы «заң болмаса, оны біз бұзбаймыз» дейді. Және мен оларды түсінем.Мемлекет, мысалы сол KEGOC-тың өзі алынған қуатты 100% сатып алуытиіс деген заңдарды жазбайынша, инвестор мұнда бас сұққысы келмейді. Қазақстан мен ТМД-дағы басты қиындықтар – заңды дұрыс жаза білмеуі. Қазір оларды жазып отырған адамдар бизнесте болмаған жандар, сондықтан нарықтың дамуы үшін не қажет екенін білмейді.Меніңше, министрліктер мен ведомство басшылары былайғы өмірлерінде белгілі біржобаны, компанияны дамытуы тиіс деп санаймын. Әйтпесе, шенеуніктер жақсы идеяларды талан-таражға салып, берекетін қашырады. Президент мысалы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жариялады. Барлығы дұрыс, бұл жасалуыкерек жұмыс. Алайда орындаушылар ғимараттарды «өлең айтып жүріп» салады, бюджетті игереді, алайда бұл адамдар сапалы білім алады және сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді деген сөз емес. Ал бірақ бағдарламаның басты мақсаты осы болатын.

Егер біз басты назарды білім сапасына аударсақ, қанша мұғалім, біліктіліктері қандай болуы тиіс деген сұрақ пайда болуы тиіс. Сол кезде белгілі бір нәтиже туралы айтуға боалды. Дәл осылайша, кейде адамдар заңдарды жазуға да сүйкей салды қарайды, олардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінінің соңына дейін байыбына бармайды. Мысалы, Алматыдағы «Ақпараттық технологиялар паркін» алайық. Ғимараты салынды, алайда нәтиже жоқ. Нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?Велосипедті қайтадан ойлап табудың қажет жоқ. «Сингапурское чудо» кітабын оқып-шығыңыздар.  Алайда адамдар мемлекеттік қызметке аттестация, яғни біліктілігі бойынша тұрмайды. Ал негізі дұрыс бәсеке болуы тиіс. Егер әлдекім министр болғысы келсе, бұл қызметке қандай талаптар қойылатынын түсінуі тиіс. Халықтың ынтасын арттыру жүйесінде «Ертең әрқайсысың премьер-министр бола аласыңдар» деген ұстаным болуы керек.

Үкімет басшысы қандай құзыреттіліктерге ие болуы керек екенін жазу керек: патриотизм, тілді білуі, білімі, кәсіпқойлық тәжірибесі бойынша. Бұл дүниелер халыққа ашық түрде аттестаттау жүйесінде жазылуы тиіс. Сондай-ақ жақсы жалақы белгіленуі тиіс. Сингапурда осылай жасаған – олар қазір бүкіл әлем бойынша табысты ел.

Қазақстанда да жоғары шенді мемлекеттік қызметкердің 5000 АҚШ долларына  отбасын асырап, балаларына жақсы білім беріп, шетелге шығып, қонақтар қабылдай алмайтынын барлығы жақсы түсінеді.  Ал егер оны осымен қамтамасыз етсе, онда ұрлыққа итермелейтін септүрткілер азаяды. Және олар елдің миллиардтаған бюджетін басқарып, «халықаралық корпорацияны» басқарып отырғаннан кейін халық шенеуніктерге осындай жалақылардың белгілеуіне қарсы болмайды. Қазақстан басқа мемлекеттер үлгі алатындай болуы тиіс!

Бізде «Темасек» қорымен бірлескен бағдарлама бар, қазақстандықтар оны пайдаланады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша да ақылды балалар оралуда. Алайда мәселе – оларға идеяларын жүзеге асыруға қаншалықты мүмкіндік беріп жатқанында. Адамдар көбінесе орта деңгейде қалып қояды.

Бұл рас. Үйретуді бірінші басшылардан бастау керек, олар шетелден келген жастардың не ұсынатынын түсіну тиіс. Жастарды шетелге оқыту үшін ақшаны жұмсай беруге болады, алайда жоғарыдағылар олардың идеяларын қолдамаса, бұдан еш нәтиже жоқ. Кәсіпқой басқарушылармен бір тілде сөйлесу үшін барлығы оқуы тиіс. Сондықтан да менің айтарым: кәсіби тұрғыдан өскісі келетін адамдар бағалау критерийлері мен талаптарды түсіну үшін ойын ережелері нақты жазылуы тиіс. Ел ашықтыққа, жариялылыққа ұмтылуы тиіс. Еуропадағыдай шенеуніктің кэшпен немесе карточкадан жасалған кез келген төлемі тіркеліп отырса, мемлекеттік қызметке тек адал әрі қабілетті адамдар келетін болады. Бизнестің өркендеуіне кері әсерін тигізетін кедергілерді алып тастау үшін жоғары жақтағы адамдар құзыретті болулары тиіс.

Заңдар экономиканың дамуына көмектесу үшін билік пен бизнестің ықпалдастығын қалай елестетесіз?

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы тұрғыдан алғанда, бизнесмендердің тілектерін қабылдап, ұсыныстарды заңнамалық ережелерге заңды түрде ауыстырып отыра алар еді. Сол кезде үкімет сол заңдармен өмір сүретін топтардың мүддесін ескермей, ешкімнен сұрамастан құжат қабылдай алмайды. Сингапурда мектептер бойынша мәселе былай шешілген: олар әр факультеттегі үздік студенттерді жинайды да, оларды аймақтарға жұмыс істеуге жібереді. Оларға ең жоғары жалақыны төлейді, олардың барлық тұрмыстық мәселелерін өздері көтеріп, оларды оқыту курстарымен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, үздік түлектер «Майкрософт» немесе «Эксон» компанияларына жүгірмей, аймақтарды көтеруге атсалысады. Мемлекеттік бюджет үшін түлектермен келісімшарттар бойынша шығындар ЖІӨ-нің 0,1% аз мөлшерін құрар еді. Сол кезде Қазақстан адамдарды зияткерлік дамыту бойынша дамыған елдер қатарына қосылады, бұл жүйелік тұспал болар еді.

Алайда, сіз керісінше, Ресейден Қазақстанға қарай бет бұра бастадыңыз.

Мен ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, жағдай жақсара бастағанын көріп отырмын. Мысалы, қазір Facebook сияқты компьютерлік бағдарламаларды жазған барлық адамдар оларды үйде отырып жазады, ал оларға инвестор керек болған кезде, олар инвесторларды ғаламтор арқылы табады, және оларға ғимараттар салудың қажеті жоқ. Одан да оларға жақсы білім беріңіз. Бірде посткеңестік кеңістікте қандай институттардың жақсы ІТ-мамандарды шығаратыны туралы зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде, үздіктер Бонч-Бруевич ат. Байланыс институты мен Дәл механика және оптика институты болып шықты. Екееуі де Санкт-Петерборда. Және бұл бүкіл Кеңес одағы бойынша қарағандағы нәтиже. Бұл жерден ІТ маманы қалай шығуы мүмкін? Адамдар жергілікті оқу орындарында ұялы телефондарға арналған бағдарламалар жасай алуы мүмкін, алайда базасы болмағаннан кейін іргелі әлдебір дүние жасауы екіталай. Соңғы жылдары әлем бойынша бағдарламалаудан питерлік институттағы ресейліктер чемпион атанып жүр. Демек, ол профессорларды бізге дәріс оқуға шақыру керек, технология трансфері дегеніміз осы. Мұндай жағдайда мен шикізат өңдеу саласын дамытуды мақсат етіп қояр едім, осылайша халықты жұмыспен қамтуға болады. Өңдеуші зауыттар салайық, адамдарды оқытайық, құзыреттіліктерін арттырайық – ертең олар халықаралық деңгейдегі инженерлерге айналады, жақсы ақша табатын болады. Ұзақмерзімді перспективада біздің бәсекелік артықшылықтарымызды не сақтап қалатынын анықтауымыз керек, және олардың дамуы үшін қолайлы шарттар жасауымыз керек.

Сіз Ресейде де, Қазақстанда да жұмыс істейсіз. Кедендік одақтың қай елінде экономикалық бағдарлар жақсы, сіздің пікіріңізше?

Қазақстанның әлеуеті өте жоғары. Егер Беларусь туралы сөз ететін болсақ, қазіргі жағдайда оларға инвестиция келмейді. Ал Ресей Doing Business рейтингінде Қазақстаннан бірнеше қатарға төмен тұр. Сондықтан қазір Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар, тек дамуды жалғастыру керек. Егер бұл іске көптеген бизнесмендерді тарта алсақ, олармен кері байланысқа қол жеткізіп, олармен елде нені жақсартуға болатыны туралы талқылайтын болсақ, тек рейтинг үшін жасамай, тезірек дамитын боламыз. Жариялылық көбейіп, жемқорлық азаяр еді. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артады!

Автор: Олег Хе

Дереккөзге сілтеме мұнда

Добавить комментарий