Блог

Ішкі сарапшылыққа мән берейік – мықты тұстарымызды пайдаланамыз


15.11.2013
0

Ішкі сарапшылыққа мән берейік – мықты тұстарымызды пайдаланамыз

Қазақстанның бірегей географиялық орналасуы және біз арқылы өтетін Еуразия құрлығындағы негізгі бағыттар елімізге ірі халықаралық қаржылық әрі іскери хабқа айналуға толық мүмкіндік береді.Азия елдерінің мықты тұсы – даму үшін экспаттарды барынша аз шақыра отырып, ғасырлар бойы сақтаған ішкі сарапшылығы (бірегей идеяны «ұрламауы» үшін). Бір ғана мысалды еске алайық – Қытайдағы қағаз бен фарфордың құпиясын ойлап табуы. Бірегей сарапшылық ел бюджетіне қомақты кіріс келтірді.Ал қазір Қазақстан ішінде үлгі етуге лайық бірен-саран ұйымдар ғана бар. Мысалы, расында да біліктілігі жоғары әрі сұраныс туғызатын мамандарды даярлайтын Назарбаев Университеті.Білім және ғылым министрі отставкаға кетті. Осылайша жұмыстан босату керек, себебі басқалары қорқуы тиіс. Алайда қайтадан жұмыстан босатылғандар секілділердің ішінен адам таңдауға тура келеді. Себебі кәсіпқойларды шақыруға жағдай жасалмаған.Қазіргі білім беру саласының дағдарыстағы күйі (оның ішінде бейіндік), экспаттар үшін, бизнес үшін де қолайлы ахуалдың болмауы елге көмегін тигізіп жатқан жоқ. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін түлектердің 40% жұмыссыз қалатыны белгілі болып отыр. ҚР болашағы үшін ең күрделі мәселе міне – осы. Үкімет бұл мәселені шешу үшін бағдарлама ұсынуы тиіс.Әйтпесе, тағы да кінәлілерді іздеу керек болады. Ештеңе өзгеріп жатпағандықтан, бұл әлі ұзаққа созылады. Соған қарағанда бізге бір түскен орға тағы құлап, оған кінәлі кім екенін іздеу ұнайтын сияқты.

Добавить комментарий