Other

Serikbay Bisekeev meets with Bolashak scholars


30.06.2015
0

Serikbay Bisekeev meets with Bolashak scholars

IMG_9339

Бизнесмен өз жетістіктерінің құпияларымен және өз бизнесін жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп, бизнес саласында сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті. «Әлемде бәсекеге қабілетті бизнесті құрып, міндетті түрде саланың көшбасшысы болу керек. Бұл ретте әрдайым оқып-білудің маңызы зор – бұл құзіреттіліктеріңізді дамытуға көмектеседі», - деді спикер.

IMG_9357

Уақыттың басым бөлігін «Сұрақ-жауап» бөлімі алды. Қатысушы болашақтықтар мен жас кәсіпкерлер Серікбай Бисекеевке өз ісіңді қалай бастау керек, уақыт пен ресурстарды қалай басқару керек, табысты кәсіпкер болуға не көмектеседі және т.б. сұрақтар қойды. Қонақпен тілдесуден басқа, іс-шара қатысушыларында «Болашақ» қауымдастығы Мансап орталығының үйлестірушілеріне өз түйіндемелерін табыстау және Қауымдастықтың жұмыспен қамту бойынша жобаларына қатысу мүмкіндігі болды.

IMG_9362

«Менің берер кеңесім біреу. Кәсіп етуді бастаңыздар! Неғұрлым ерте бастасаңыздар, соғұрлым жақсы!» - деп сөзін түйіндеді С. Бисекеев.

IMG_9365

Іс-шара қатысушылары табысты бизнесмендердің қатысуымен кездесулерді жиірек өткізіп тұруды ұсынды. «Мұндай іс-шаралардың әрбір жас кәсіпкер үшін тұлғалық әлеуетін дамыту және жаңа білім алу тұрғысынан пайдасы мол», - деді Манас Сәкенов.

IMG_9336

Негізгі материалға сілтеме: Bolashak.kz

Добавить комментарий