Блог

Атырауда өткен «МАҚСАТТАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ» атты шеберлік сағатым


13.04.2017
0

Атырауда өткен «МАҚСАТТАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ» атты шеберлік сағатым

Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың өңір жастарына арнап, шеберлік сағатын өткізу туралы шақыруын қуана қабыл алдым. Атырауға жасаған сапарым өте әсерлі өтті. Тыңдаушылардың қарасы қалың болды – 1000-ға жуық жастар мен бизнесмендер келді. Білімге құштар жастардың көптігі қуантты.

Өзімнің «МАҚСАТТАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ» атты шеберлік сағатымда мен осы тақырыптағы білім-тәжірибеммен қуана-қуана бөлістім. Мақсат қою, оларға қол жеткізу, қалай көбірек табыс табу, ойлау күшін басқару және т.б. тақырыптарды талдадық. Шеберлік сағаты қатысушылар үшін пайдалы болып, оларды табысқа жетуге және алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға қанаттандырды деп үміттенем!

Іс-шараны ұйымдастырған Атырау облысы әкімдігіне, Атырау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға, Атырау облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалына үлкен алғыс білдіргім келеді. Жастар мен кәсіпкерлерге тиімді дамуға көмектесетін ұйымдардың бары қандай жақсы!

Уақыт тауып, шеберлік сағатыма келген барлық тыңдаушыларға көп рақмет. Өз әсерлеріңізбен бөліссеңіздер екен.

Әрбіріңізбен кездескеніме қуаныштымын!

Барлығына рақмет! Табысты болыңыздар!

Добавить комментарий