БАҚ

Көшпенді бизнес


30.03.2013
0

Көшпенді бизнес

Ол – Ресей азаматы, алайда соңғы жылдары Қазақстанды мекендеуде, ал жазда Сингапурға қоныс аудармақшы. Осының барлығы Серікбай Бисекеевке Петерборда орталық кеңсежайға ие болып, өз кәсіпорнының өнімін бүкіл әлем бойынша сатуға кедергі келтірмейді. Осындай шашыраңқылық керісінше, жемісін беруде. «Арман» холдингінің президенті Серікбай Бисекеев Ernst&Young ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері» байқауының қорытындысы бойынша B2В номинациясында үздік ресейлік кәсіпкер атанды.

Мәскеудің ең қымбат қонақүйі. Ақ дастарқан жайылған үстел басында – Sberbank CIB басқарушыларының бірі Рубен Варданян, «Вимм–Билль–Данн» негізін қалаушысы Давид Якобашвили, «IL Патио» мен «Планета Суши» қожайыны Ростислав Ордовский–Танаевский Бланко, «Инвайт», «Быстров» және Velle өндірушісі Сергей Выходцев пен  Ernst&Young Entrepreneur of the Year байқауына жинаған басқа да ондаған кәсіпкерлер.Сахнаға смокинг пен бабочкадағы адам шығады да, мына қарапайым сөздерді айтады: «Мен жігіттерге әрдайым мен ешкімнен ерекшеленбеймін деп айтамын. Мен ауылда дүниеге келдім, менде де кеңестік білім. Ресей – ең ақылды ел, алайда біз сонау Кеңес одағы тұсында жасалған ресурстар мен ӘӨК өнімдерін сатамыз. Қайта құрудан кейін шығарылған және әлемдік нарыққа шыққан өнімдер саусақпен санарлық. Біздің қолымыздан бұл істің келгеніне қуаныштымын. Барлықтарыңызға табыс тілеймін, әрі ертеңге қалдырмай, дәл қазір іске кірісуге кеңес беремін».

Осы сөздердің барлығы ақиқатқа саяды. Расында да «Арман» холдингінің өнімдері тек Ресейде ғана емес, Үндістанда, Иракта, Мьянмада, Сингапурда, Қазақстан мен Германияда сатылады.Алайда Серікбай Бисекеев мұнымен шектеліп қалмақ емес. Ол Қазақстаннан жел электрстансаларын салып жатыр, Қытай бағытындағы газқұбырының жобасына қатысуда. Серікбай облыс орталығы – Қостанайдан 232 шақырым жердегі Қамысты елдімекенінде дүниеге келген. Қазақ ауылынан шыққан бала қалайша ресейлік үздік кәсіпкерге айналды?

Портфель

Біз ақ және қызғылт-сары түс араласқан сөйлесу бөлмесінде отырмыз, қабырғаларға таксофон деп атауға келетін құрылғылар ілінген (бұл «Арман» холдингі жасайтын өнеркәсітік байланыстың жарылыстан қорғалған құрылғысы). Себебі Серікбайға өз компаниясының кеңсесінде басқа кездесу өткізетін орын жоқ. Оның өз кабинеті жоқ. Жалпы, еш жерде жоқ. Үстел жанында тұрған жаңа былғары портфель. Серікбайдың кабинеті – осы. Онда планшет жатыр. Оның көмегімен кәсіпкер жердің кез келген түкпірінен «скайп» арқылы қызметкерлерімен кеңеседі.Кәсіпкер паңқығанды ұнатпайды, компаниясының айналымының 2 млрд рубльге тең болғанына қарамастан, ұсталған көлікпен жүретінін жасырмайды.

«Кейбіреулер паңқып, қымбат көлікке, қымбат кабинеттерге ақша жұмсайды. Ал мен өмір бойы ұсталған машина мініп келемін, пәтер жалдаймын, артық ештеңе сатып алмаймын, және меніңше мұның барлығы бизнестің дөңгеленуіне көмектеседі, - дейді Серікбай. – Мен кезінде ұялы телефонмен айналыстым, сол кезде көптеген компаниялар кеңсеге ақша жұмсады. Әрине, таласа алмаймын, әдемі кеңсеге серіктестерді шақырып жатсаң, жарасып-ақ жатыр... Алайда осы арқылы адамдар айналымдағы ақшаны азайтты. Нарық өсті, ал ақша болса, кеңсе-пәтер-көлікке кетті. Әдетте, мұндай оқиғалар көңілсіз аяқталады. Адамдар нарықтық үлестерін азайтып алды. Ал материалдық активтерің неғұрлым аз болса, өмір сүру оңайырақ – сен жұмысыңды әлемнің кез келген нүктесінен жалғастыра аласың. Және ешқандай рейдер саған зиянын тигізе алмайды».

20 үтік

Алайда, Серікбайды беделді ететін дегенмен бір зат бар – әдемі телефон нөмірі. «Мен оны 1995 жылы GSM-мен айналысып жүрген кезімде алғанмын», - дейді кәсіпкер.Алайда бұған дейін де талай қызықты жайттар болған. Серікбай спорт сыныбында оқиды да, Қостанайда мектепті бітірісімен баскетболдан КСРО спорт шеберлігіне кандидат болды. Осының арқасында ол ҚазақССР-нің кез келген жоғары оқу орнына емтихансыз түсе алар еді, алайда ол инженер-конструкторлық білім алу үшін, арман қуып, Ленинградқа аттанды».

1990 жылдардың басы барлығы үшін қиын кезең болды. Сол кезде Политех студенті Бисекеев саудамен айналысты. «Біз электр қондырғылар – бұрғы, үтіктер мен оған ұқсас заттарды Балтық бойына апаратынбыз. Тіпті, Польшаға шықпайтынбыз. Қолымызға қаншасы сыйса, соншасын аламыз. Менің 20 үтікке шамам келетін. Әрдайым құнды бірдеңе алып келе жатқанда, әрдайым басыңды қатерге тігесің, ол туралы неғұрлым аз адам білсе, соғырлым қауіпсіздеу». Тағы да спорт көмектесті. Институтта Серікбай бокспен айналысып, тағы да спорт шеберлігіне кандидат атағын алды.

Белгілі бір уақытқа дейін бұрыннан таныс дүниелермен айналысумен болды: курстастарымен бірге Серікбай дискотека ұйымдастырды, Киров ат. МҮ-де «екі де екі» бөлмеде брокерлік кеңселерін құрды. Алайда 1990-шы жылдардың ортасында Петерборда жаңа техника – ұялы телефондар пайда болды. Серікбай серіктесі екеуі Ресейде алғашқылардың бірі болып GSM стандартты телефондарды сатып бастағандарын айтады.  «Чичваркин кейін пайда болды. Біз көтерме саудаман айналыстық, сондай-ақ дүкендер де болатын. Бәсекелестер несие алып, тезірек дамыды. Алайда 1998 жылғы дағдарыс оларға үлкен соққы берді. Ал біз аман-есен өттік, ізінше осы салада білім алуға бел будым».

Стокгольм экономика мектебінде ол дипломды «Метро жанында ұялы телефон сататын бөлшекті сауда дүкендерінің желісін салу» тақырыбы бойынша қорғап шықты. Қазір бұл туралы айту күлкілі, алайда 1999 жылы ондай дүкендер әсте болмайтын. «Ол кезде ешкім метромен жүретін адамдар ұялы телефон алуға шамасы келеді дегенге сенбейтін. Барлығы тек екі топ – бұзақылар мен саудагерлер, көлік мінген бай адамдар ұстайды деп ойлайтын. Ал мен метро жанындағы дүкендердегі шауырма мен шұлықтардың  жанынан белгілі бір аумақты жалдайтынмын. Ол жерлер өте арзан болды. Телефондарды мен өз атыма  консигнацияға алатынмын, менде бары – тек сөрелер. «Нанымыз жүріп тұрған» кезде 20 нүктеге дейін болды, мен нарықтың бәрібір осы жолды таңдайтынын білгем». Алайда Бисекеевтің серіктесі мол қазынаны күтуден шаршады, сөйтіп бизнес сатылады. Сөйтіп, уақыт өте келе метро жанындағы дүкендер үлкен табысқа кенеледі. Алайда Серікбай өз еңбегінің жемісін көре алмағанына өкінбейді. «Мен ерте ме, кеш пе, мәскеуліктердің ақшаларымен, квоталары мен өндірушілердің кеңселеріндегі таныс-тамырлары арқылы барлығын басып озатындарын түсінгем», - дейді.Ал ең бастысы – серіктесімен екі бөлек кетулерінің арқасында Серікбай өзінің алғашқы үлкен бизнесін ойлап тапты. Ол сол телекоммуникация саласынан алыстай қойған жоқ, алайда ешкім қолға алмаған істі бастады – өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған байланысты ұйымдастырды.

 

Жыл

Бұған әсте сену мүмкін емес, алайда Бисекеевтің фирмасының алғашқы клиенті  «Газпром нефть» болды.

«Стокгольм мектебі дегенмен жақсы білім берді. Бизнесті құрар алдында мен нарықты әбден зерттедім. Қандай ойыншылардың бар екенін қарап алдым. Сөйтсем, кеңестік әзірлемелерді қолданатын өндірушіден басқа ешкім жоқ болып шықты. Ресейде сандық қондырғылар деген болмаған. Біз Германиядан Neumann Elektronik компаниясын тауып алдық. Ол кезінде көлік бизнесіндегі «мерседес» сияқты көшбасшы болатын. Оларды Ресейге таныстыра бастадық», - дейді Серікбай.Бастапқыда барлығы оңай болған жоқ. Себебі бір жыл бойы жаңа фирма тапсырыссыз отырды. Бірде-бір сөйлесу құрылғысы сатылған жоқ! Нәтижесінде, жобаны қаржыландыру үшін кәсіпкер өзінің соңғы активі – пәтерін сатты. Жақында салынған Мұз сарайының жанынан, «Большевиктер даңғылы» метро стансасына жақын жерден орын тепкен екі бөлмелі пәтері сатылып кете барды. «24 мың $-ға кетті. Менің ол кезде бірінші балам дүниеге келген болатын, сонда үшеуіміз тұрған едік», - деп еске алады Серікбай.Сол кездегі өзінің психологиялық күйін ол қуана еске алмады: «Бұл – соңғы үміт болатын. Барымды қойдым. Шегінерге жол жоқ. Бармаған жерім, баспаған тауым болмады, қоңырау шалам, кездесем, сатам. Жапондық топ-менеджерлердің бірінен оқығаным бар: орыс халқына табысқа жету үшін екі нәрсе керек екен. Бірі – әлденеге бейін қою, екіншісі – шыдамдылық таныту. Егер бір нүктені тоқтамастан ұра берсеңіз, сіз оны тесесіз. Мен де сол өз дегеніме жеттім. Біз мұнай және газ компанияларының инфрақұрылым құратынына және біздің оларға керек боларымызды жақсы түсіндік».

Кәсіпкер өз дегеніне жетті. Бисекеевтен қондырғыны «ЛУКОЙЛ», «Сургутнефтегаз», «Новатэк», «Роснефть» және «Сибур» сияқты компаниялар сатып ала бастады. 2005 жылы ол Петербордан «Армтел» деген маркалыөз өндірісін ашуды көздейді. Қазір Бисекеев өз нарығында әлемдегі үздік ондыққа кіреді. Ал 3 жылдан кейін №1 болмақшы. «Сол бұрынғы неміс компаниясы қазір банкротқа ұшыраудың алдында тұр, 10 жыл бұрын бізге қондырғыларын Ресейге сатуға ұсынған адамдар қазір біздің Германиядағы кеңсемізде жұмыс жасауда».

http://arman-engineering.ru

Добавить комментарий