БАҚ

«Жыл кәсіпкері – 2012»


29.12.2013
0

«Жыл кәсіпкері – 2012»

29 қараша күні Мәскеуде «Эрнст энд Янг» компаниясы ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері» (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық байқауы ұлттық кезеңінің 2012 жылғы финалистерін марапаттау салтанаты өтті.

«Біздің қоғамдағы кәсіпкерліктің рөлі соңғы 10-15 жылда айтарлықтай өсті. Нарық шекаралары жойыла бастаған, ал дамушы экономикалар дамуын жалғастырып жатқан жылдам өзгеретін мына әлемде кәсіпкерлер жетістікке жетудің басты факторларының бірі болып табылады, - дейді  «Эрнст энд Янг» компаниясының Ресей бойынша басқарушы серіктесі, Ресейдегі «Жыл кәсіпкері» бағдарламасының директоры Александр Ивлев. – «Біздің байқаудың финалистері өздері жүрген бизнес салаларында таңғажайып нәтижелерге қол жеткізді. Алайда таңданыс туғызатыны – жетістіктерінің дәрежесі ғана емес, сондай-ақ олардың өз ресурстары арқылы өздері секілді кәсіпкер болғысы келетін адамдарды қолдауға дайын екендігі. Мұндай көмекпен Ресейдегі кәсіпкерліктің даму болашағы жарқын».

Тәуелсіз қазылар шешімімен байқаудың жеңімпазы ретінде:

- «B2B» аталымында — Серікбай Бисекеев, («Арман» ЖШҚ) танылды.

Серікбай Бисекеев: «Мен барлығына әрдайым ешкімнен еш жерім артық емес екенін айтамын. Көпшілігі қазір құттықтап жатыр. Бұған қуаныштымын. Алайда мен өзім ауылда дүниеге келдім. Көпшілігі сияқты кеңестік білім алдым. Барлығы адамға, жетілуге деген талпынысына байланысты. Адамзатқа әлдене бере аламын деу керек. Сол себепті де біз бүкіл әлем бойынша сатылатын өнім жасап шығардық. Бұл мені қуантады. Себебі Ресей әлемдегі ең дана ел, бұл елде сондай ақылды адамдар тұрады. Сөйте тұра, біз ресурстарды сатамыз және бұл түпкі өнім, бұл сонау Кеңес одағы тарапынан қаржыландырылған әскери-өнеркәсіптік кешеннен қалған өнім. Ал қайта құрудан кейін қазіргі таңда жасалып, әлемдік нарыққа шығарылған өнімдер саусақпен санарлық шығар. Сондықтан мен көпшілікті әлемде бәсекеге қабілетті бола алатын өнім жасаудан қорықпауға шақырамын. Барлығына сәттілік тілеймін және кейінге қалдырмай, дәл қазір іске кірісіп, дәл осындай марапаттарды иеленуге кеңес беремін».

Корр.: Дәл қазір қандай сезімдесіз?

Серікбай Бисекеев: «Тәуелсіз компанияның мойындалуы. Біздің Ресейдегі конкурстардың көпшілігін тәуелсіз деп атай алмаймыз. Ал бұл жерде әлемдік деңгейдегі халықаралық компания еңбегіміздің бағаланғанын айтады. Әлемдік көшбасшы, аудитордың мені мойындағаны мен үшін аса маңызды».

Корр.: Ресейде кәсіпкерлікпен айналысуды ойға алған студенттерге не тілейсіз?

Серікбай Бисекеев: «Мен бизнесті ашумен байланысты тәуекелдерден, оларды жеңуден қорықпаңыздар деймін. Сол тәуекелдерді жеңіп, қиналмай еңсеретін болыңыздар. Көпшілік қауіптерді көреді де, идеясын жүзеге асырудан бас тартады. Егер олар іске кірісіп, талпынса, барлығы қолдарынан келеді деп ойлаймын. Қорықпаңыздар – алға қадам басыңыздар».

Арман

Добавить комментарий