Блог
Норвегияның «жасыл» тәжірибесі
Мұнайдың негізгі тұтынушылары болып табылатын дамыған елдер электр мобильді автопарк көлемін белсенді түрде өсіруде. Осылайша, Норвегияда атмосфераға зиянды заттарды шығармайтын электрмобильдердің саны 100 мыңға жетті. Ал 2020 жылға қарай электрокарлардың санын 400 мыңға жеткізу жоспарда бар. Бұл елге атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемін жылына 200 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді (!). Айтып өтетін жайт, Норвегия жеке көлікті электрификациялау қарқыны бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Және бұл таңғаларлық жайт емес, себебі Норвегия қарапайым көліктен экологиялық көлікке ауысуға ынталандырады. Атап айтсақ, сатып алу мен тіркеуге салықтан босатады, зарядтау стансаларының тегін желілерін ұсынады, сондай-ақ қоғамдық көлікке арнайы бөлінген жолақпен жүруге рұқсат етіп, тегін тұрақ ұсынады. Норвегияның «жасыл» тәжірибесінің Қазақстан үшін де маңызы үлкен. Себебі ол мұнай өндіретін көшбасшылар қатарында. Бізге норвегиялықтардың мұнайлы экономикалық үлгіден «жасыл» экономикаға қалай өткенін үйрену қажет.