Блог

Дамыған елдер жаңартылатын энергия көздерінің көмегімен өздерінің энергетикалық қажеттіліктерін 100% қанағаттандыру


15.11.2016
0

Дамыған елдер жаңартылатын энергия көздерінің көмегімен өздерінің энергетикалық қажеттіліктерін 100% қанағаттандыру

Біз Қазақстандағы мұнай өндірісі деңгейін қалай көтереміз деп бас қатырып жүргенде, дамыған елдер жаңартылатын энергия көздерінің көмегімен өздерінің энергетикалық қажеттіліктерін 100% қанағаттандыруға бет алды. Көш бастап тұрған – солтүстік Еуропа елдері. Әсіресе әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілерінің бірі болып табылатын Норвегияның жетістіктері таң-тамаша етеді.

Балама энергия елде негізінен желдің, геотермалды көздер мен судың көмегімен өндіріледі. Ал Дания аса желді күндері жел қозғалтқыштарының ғана көмегімен электр энергиясына деген қажеттілігін 140% (!) қамтамасыз ете алады. Өндірілген қуаттың артығын көршілері – Германияға, Швеция мен Норвегияға сатады. Исландияда бүкіл дерлік электр қуатын жаңартылатын қуат көздері – геотермалды көздерден алады. Швеция жаңартылатын қуат көздерінен елде тұтынылатын қуаттың үштен екісін өндіреді.Жаңа әлем елдері де қалыспайды. Айқын көріну үшін Уругвай сияқты дамушы елді мысалға келтірейін. Осы бір шағын латынамерикалық елдің соңғы 10 жылда салған ЖЭК нысандарының саны елдің электр энергиясына деген қажеттілігін 95,4% (!) қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде электр энергиясын өндіруге кететін шығындар мен табиғатқа келетін зиянның көлемі азайды.

Добавить комментарий