Блог

Электр энергиясының алғашқы орталықтандырылмаған биржасы


03.05.2017
0

Электр энергиясының алғашқы орталықтандырылмаған биржасы

Электр энергиясын тегін алып, онымен қоймай, оны мемлекеттік желіге сатқыңыз келе ме?

Мәселен, Австралияда электр энергиясының алғашқы орталықтандырылмаған биржасын тестілеуді бастап кетті. Жобаға 5 мың отбасы қатысуда. Олар күн энергиясын пайдаланып қана қоймай, одан өз қажеттіліктеріне қор жасайды. Сонымен қатар электр энергиясын ұлттық электр желісіне сатады.

Мұның барлығы тұрмыстық күн энергетикасы көлемінің өсімінің арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде үйдегі күн панельдерінің жалпы қуаты соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткішке – 91 МВт-қа жетті.

Енді ары қарайғы өсім үшін тұрмыстық күн энергиясын сақтау құралдарын арзандату қажет. Атап айтқанда, аккумуляторлық жүйелерді арзандату керек. Бүгінгі таңда үйде пайдалануға арналған аккумулятордың орташа бағасы $10 мыңды құрайды.

Добавить комментарий