Блог
Тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыратындай ұтымды тәсілді табу
Оң жамбасыңнан келетін істі кез келген саладан таба аласың. Ол энергетика бола ма, қонақүй немесе аңаш өңдеу өнеркәсібі бола ма – бәрібір. Мәселе – тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыратындай ұтымды тәсілді табуда. Мені сонымен қатар пайдалы әсері көп жобалар қызықтырады. Мысалы, латвиялық дизайнер Тамара Орьола ұйымдастырған Forest Wool экологиялық-қылқан жапырақтылар жобасын атауға болады. Ол биоыдырайтын мата, қағаз, жиһаз және кілем жасап шығару үшін қылқандарды пайдаланады. Ол қылқандарды қайта өңдеуді ұйымдастырды: қылқандарды кептіреді, ұнтайды, суға малады, булайды, өреді де сығымдайды. Дизайнер қылқанның кокос пен мақта талшықтарынан кем түспейтініне сенімді. Қылқандар қылқанжапырақты ағаштарды алмастыра алады. Осылайша, оларды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Себебі ЕО-ның өзінде ғана жыл сайын 600 млн жуық қылқан жапырақты ағаш жойылады. Тамаша жоба! Бұл экологиялық тұрғыдан таза (биоыдарау), үнемді (қайталама шикізат), және ресурсты сақтайды (қылқан жапырақты ағаштарды). Ормандай аңқыған өнімнің жұпарлы иісін айтсаңшы!