Блог

Электр энергиясының аса қуатты генераторы


06.12.2016
0

Электр энергиясының аса қуатты генераторы

Ойланып көріңізші: бар болғаны 88 минуттың ішінде Жер беті күннен 47 эксаджоуль энергия алады. Бұл – бүкіл ғаламшар пайдаланатын энергияның жылдық көлемі (!). Адамзаттың қолында электр энергиясының аса қуатты генераторы бола тұрып, ары қарай пайдалы қазбалар шығара берумен айналысу өнімсіз іс болар еді. Себебі бір күннің қуаты-ақ болашақта Жердің бетіндегі барлық тұрғынды арзан әрі «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. Мұны түсінген ақылдылар мен ауқатты корпорациялар/елдер бар күштерін ЖЭК дамытуға салуда. Нәтижесінде, кейбір мәліметтерге сай, алдағы 20 жыл ішінде құны $6 трлн тұратын дәстүрлі энергетика саласы қазіргі қалпында өмір сүруін тоқтатады. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, алдағы уақытта жағдайлар мен қажеттіліктерге қарай аралас энергиямен қамтуға жаппай өту күтілуде. Мысалы, алдағы 20 жылда электрмобильдер ең арзан және барлығы қолданатын көлік құралдарына айналады. Қазақстанның басты назарды балама қуат көздеріне аударып, бағытты өзгертуге әлі де мүмкіндігі бар. Себебі елімізде жел және күн секілді балама қуат көздерінің әлеуеті жоғары.

Добавить комментарий