Блог
«Әлемге басқаша қара»
Егер бәрі жалықтырса/не әлдене қолыңнан келмей жатса не істеу керек? «Әлемге басқаша қара» немесе «Егер жағдайды өзгерте алмасаң, оған деген көзқарасыңды өзгерт». Осы сөздердің авторы кім екенін білмесем де, осы пікірлермен толықтай келісемін. Тұлғамызды өз ойларымыз/пікірлеріміз жасайтынына талай көзім жеткен. Оның себебі: пайым-түсінігіміз 100% объективті бола бермейді. Ол тек біздің тәжірибеміздің, санамызда қалыптасқан таптаурындар мен қиялдардың нәтижесі. Сондықтан, жағдайларға деген өз қарым-қатынасымызды өзгерте отырып, біз баламалы қабылдауды үйренеміз. Демек, өз бойымыздан жаңа мүмкіндіктер мен ресурстарды ашамыз. Деректерді өзіндік бағалауымыздан ажырата білу – табысқа жетелейтін өте пайдалы машықтар. Егер Сіз өз ойларыңызды пайымдауды, деректерге саналы түрде қарауды үйренсеңіз, бұл сізді сапалы өзгерістерге әкеледі. Сондықтан осы қасиеттерге мән беруге кеңес беремін. Және естеріңізде болсын: өзінің ресурстық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын басқару әрбір адамның қолынан келеді!