Блог

Бас июге тұрарлық, үлгі алатын адам


08.12.2016
0

Бас июге тұрарлық, үлгі алатын адам

Өз халқына қалтқысыз қызмет ететін адамдарға тәнтімін. Ондай адамдарға Уругвай президенті Хоса Альберто Мухико Корданоны жатқыза аламын. Ол ел басқарған уақытта Уругвай кедей елден Латын Америкасы үшін өмір сүру сапасы жоғары, табысты мемлекетке айналды. Және президент өзіне тиесілі артықшылықтардан ғана емес, президенттік жалақыдан да бас тартты. Ол фермадағы ауылдық үйде әйелімен бірге тұрды. Өз қолымен құдықтан су тартып, ауыл шаруашылығымен айналысты, ал оның әйелі гүл өсіріп, сатумен шұғылданды. Бүкіл жалақысынан өзіне 10% ғана қалдырып, қалғанын қайырымдылыққа беріп отырды. Хосе Мухико өзінің әрекетін отандастарының көпшілігі одан да аз ақшаны місе тұтуға мәжбүр екендігімен түсіндірді. Хосе Мухиконың айтуынша, мұндай ойға ол кездейсоқ келмеген. Бүкіл өмір бойы ол адамдардың құқығы үшін күресті. Азат ету қозғалысына қатысқаны үшін ол 12 жылға темір торға қамалды. Оның 10 жылын жалғыз адамдық камерада өткізді. Осы уақыт ішінде ол азғантай ғана нәрсені қанағат тұтып өмір сүруге болатынын түсінді. Бас июге тұрарлық, үлгі алатын адам екені сөзсіз.

 

 

Добавить комментарий