Блог
Пластиктен жол салу жоспарлануда
Еуропа бізді таңғалдырып, өзінің инновациялық технологияларымен үлгі болуын тоқтатпайды. Мысалы, 2017 ж. Нидерландыда алғаш рет пластиктен жол салу жоспарлануда (!). Айтқандай, мұны Қазақстанда да пайдалану туралы ойланып көру қажет. Пластикалық жол түсетін күшке асфальт сияқты төтеп бере алатын арнайы модульдерден жиналады. Алайда сонымен қатар модульдердің асфальттан артықшылықтары көп. Олар жеңілдеу және сондықтан да оларды тасымалдау, жинау және жарамды күйінде ұстау оңайырақ. Бұл ретте топырақ азырақ шөгеді. Іштері қуыс болады. Онда коммуникациялар мен дренажды жүйелерді төсеуге орын қалдырылады. Модульдердің жарамдылық мерзімі біткенде, оларды қайтадан өңдеп шығаруға болады. Ойлап қараңызшы, бұл технологияның көмегімен қаншама пластикалық қоқысты қайта өңдеп, пайдалы іске жұмсауға болады. Бұл жаңашылдықты біздің мемлекетке де іске асыру қажет. Себебі қоқысты қайта өңдеу және автомобиль жолдарының сапасы мәселелері бізде әлі де шешімін таппаған.