Блог

Гибридті энергетикалық мата


22.11.2016
0

Гибридті энергетикалық мата

Киімге смартфонды қуаттау үшін энергия бөлуге мүмкіндік беретін технология ойлап табылады деп кім ойлаған? Бұрын бұл әлдебір қиял секілді көрінетін. Алайда қазір олай емес. Америкалық Georgia Tech компаниясының инженерлері екі көз: күн мен қозғалыстан энергия бөлуге қабілетті гибридті матаның жаңа түрін жасап шығарды. Олар өндірістік текстильді жабдықты түрлендірді, енді ол гибридті энергетикалық мата өндіреді. Бұл гибрид полимерлі талшықтар жасалған күн элементтері арқылы күн энергетикасын жасап шығарады. Сондай-ақ трибоэлектрлі наногенератор қозғалыстың арқасында энергия жасап шығарады. Бұл материалдар жүнмен қоса өріледі. Нәтижесінде, мата жұмсақ, жеңіл және «тыныс алатындай» болады. Бұл жаңалықты киім, перде, орамал және т.б. өндірісінде пайдалануға болады. Зерттеушілер бұл матадан жалау жасап, оны көлікке бекітіп қойып, жаңа дүниеге сынақ жасады. Көлік қозғалғанда желдің арқасында жалау энергия өндіреді. Ауа райының бұлтты болғанына қарамастан, 4см*5см өлшемді мата минутына 2 вольтқа дейін «2 мФ өндірістік конденсатор» зарядтауға қажет энергияның жеткілікті көлемін жинады. Ары қарай инженерлер матаның сапасын жақсартуды және өндірісті кеңейтуді жоспарлайды. Қазақстанда бұл жаңа дүние қажетке жарар еді. Әсіресе, шалғайдағы ауылды елдімекендер үшін таптырмайды. Себебі даламызда жел мен күн сияқты баламалы энергия көздері жетіп артылады.

Добавить комментарий