Блог

«Жасыл» технологиялар оқу орталығы


24.11.2016
0

«Жасыл» технологиялар оқу орталығы

Жақында Астанада «жасыл» технологиялар оқу орталығы ашылды. Қазақстан үшін өте өзекті жоба. Орталық Еуропалық одақ пен БҰҰ қолдауымен Қазақстанның «жасыл» технологияға өту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Астана Эко Стандарт» жылыжай кешені негізінде құрылды. Жаңа оқу орнының негізгі мақсаты – мамандарға озық және ресурсжинақтаушы технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын дамытудың прогрессивті әдістерін үйрету. Келесі жылдың қыркүйек айында заманауи еуропалық технологиялармен толықтай жабдықталатын және жаңартылатын қуат көздері қолданылатын жаңа жылыжай ашу жоспарда бар. Мұнан басқа, суды үнемдеу әдісі қолданылатын болады. Сұйықтық бергенде оның суаруға арналған, тыңайытқыштармен араластырылған артық мөлшері қайта қолданылады. Осылайша, судың да, тыңайтқыштың да шамамен 30–40% үнемделеді. Бұл аса қажет әрі сұраныс туғызатын жоба. Себебі ол студенттердің, фермерлердің, а/ш сарапшыларының, сондай-ақ кәсіпкерлердің «жасыл» технологияларды іс жүзінде игеруіне мүмкіндік береді. Жоба қуат үнемдеуші технологиялардың көмегімен ауыл шаруашылығы әлеуетін дамытуға жақсы ресурс ретінде қызмет ете алады.

Добавить комментарий