Блог

Қаржылық табыстылық пен kәсібі жетістіктердің ең маңызды құрамдас бөлігі


27.12.2016
0

Қаржылық табыстылық пен kәсібі жетістіктердің ең маңызды құрамдас бөлігі

Қаржылық табыстылық пен кәсіби жетістік отбасыдағы қарым-қатынастың жайлы болуына байланысты. Басқаша айтқанда, махаббат пен өзара түсіністік – табыс пен байлықтың нәтижесі емес, оған себеп болатын дүниелер. Мұны көптеген зерттеу нәтижелері растайды. Мысалы, 80 жыл бұрын әйгілі Наполеон Хилл АҚШ-тағы ең дәулетті әрі табысты 500 ер азаматтың тағдырын зерттеп, салыстырған. Нәтижесінде ол әлгі бай жігіттерге баюға мүмкіндік берген 13 қағиданы анықтады. Соның ішіндегі 10-шы қағиданы ерекше атағым келеді – «махаббат энергиясын шығармашылыққа ауыстыру». Оған сай, «махаббат пен құлшыныс – табыстылық пен дәулеттілікті анықтайтын факторлар. Адамдардың арасынан сүйе білу қасиеті өте жақсы дамыған, және қасында қолдайтын әйелі бар адам үлкен жетістікке жетеді». Ең қызығы, жарты ғасырдан астам уақыт өтісімен бұл қағиданың табысты және дәулетті әйелдерге да қатысты шындыққа жанасатыны анықталды. Мысалы, Вашингтон университетінің ғалымдары парасатты және түсінігі мол жарының болуы әйелдердің жақсы жалақы алу мүмкіндігін айтарлықтай өсіреді екен. Олардың ұйғарымы Хиллдің пікірімен толықтай сәйкес келеді: «Жары адал әрі парасатты қызметкер жары түсінбейтін, қайырымсыз қызметкерге қарағанда, қызметінде 50 %-ға көбірек өседі.

Добавить комментарий