Блог

Қазақстандықтардың жүректерін жібітті


29.11.2016
0

Қазақстандықтардың жүректерін жібітті

Жақында түскен қалың қар мен аяздар тек коммуналдық және көлік түйткілдерін туындатып қана қоймай, қазақстандықтардың жүректерін жібітті. Біреу комммуналдық қызметтер мен шенеуніктерге шағым айтса, әлдекім қолына күрек ұстап, көшеге шықты. Алматылықтар достарымен бірге жолдар мен көшелерді қардан тазартты. Ал жүрегі жұмсақ астаналықтар қақаған аязда аялдамада тоңып тұрған жандарды тегін тасыды. Сонымен қатар елорда мен басқа да қалаларда кейбір дәмханалардың көмек қолын созуға ниет еткендері қуантты. Мәселен, Семейде біреулер жылынғандардан ақы талап етсе, басқалары керісінше маңдайшаларына «Тоңғандарға тегін шай беріледі» деген хабарландыру іліпті. Ал Алматының мейрамханалары көшелерді қардан тазартқан жұмысшыларды тамақтандырды. Қыстың адамдарды біріктіріп, олардың ең ізгі қасиеттерін оятқанын көру бір ғанибет. Дегенмен, елімізде ақжүректі жандар көп!

 

Добавить комментарий