Блог

Өмірлік ұстанымдары


30.11.2016
0

Өмірлік ұстанымдары

Әркімнің өмірлік ұстанымдары әртүрлі. Әлдекім бизнеске, табыс табу деңгейіне, өмір сүру деңгейіне жоғары талап қояды. Әлдекім адами қарым-қатынастарда биік ұстанымдарға жүгінеді. Денсаулығына бей-жай қарамайтын,талапшыл жандар бар. Сонымен қатар отбасыны аса бағалайтын адамдар кездеседі. Ал сіздің ұстанымдарыңыз қандай? Мысалы, сіздің табысыңыз. Егер сіз көп табыс табуға құлшынысты болсаңыз, демек сіздің ұстанымыңыз жоғары. Керісінше, егер сіз табыс табуға құлықсыз болсаңыз, ұстанымыңыз да соған сәйкес болады. Немесе, сіздің дене сымбатыңыз – сымдай тартылған болса, демек сіздің стандартыңыз осындай. Ал керісінше, өз-өзіңізге қарамай кетсеңіз, сіздің бүгінгі стандартыңыз – толық әрі жалқау жан болу. Естеріңізде болса, осы стандарттар өмір сүру сапаңызды анықтайды. Әрқайсыңызға денсаулыққа, қарым-қатынастарға, ақша/мансапқа немесе тұлға ретінде дамуға қатысты стандарттарыңызды көтеруге кеңес беремін. Айналаңызда стандарттары сіздікінен жоғары адамдар болсын. Сол кезде әлдекімдер үшін стандарт болып саналатын өмірді сүре алатындай ақша табуға тырысатын боласыз. Сізге ондай адамдарға қызық болуға тура келеді, сәйкесінше сіз өзіңіздің ой-өрісіңізді өсіресіз. Онымен бірге спортзалға барып бастаңыз. Қарым-қатынастары тамаша отбасылық жұпты тауып, олармен отбасылық демалысты жоспарлаңыз.

Добавить комментарий