Блог

Ағашпен төлейтін ақылы мектеп


10.01.2017
0

Ағашпен төлейтін ақылы мектеп

Ілім-білім қазіргі таңда – ең маңызды дүниелер. Алайда көбінесе сапалы білім біршама қаражатты талап етеді. Ал Үндістанның Амбикур атты қыстағында оқу үшін ақшамен емес, ағашпен төлейтін ақылы мектеп бар. Әрбір ата-ана өз баласымен бірге кем дегенде бір түп ағаш отырғызып, бекіп кеткенге дейін оған күтім жасауы керек. Бұл идея жергілікті бизнесмендерге тиесілі. Қазір онда 35 оқушы оқиды, соңғы жыл ішінде онда 700-ден астам ағаш отырғызылған.Бұл өте тиімді және экологиялық тұрғыдан пайдалы білім беру тәсілі. Себебі бұл мектептің негізгі мақсаты – білімді әрбір адам үшін қолжетімді қылып қана қоймай, болашақ ұрпақты табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Добавить комментарий