Блог

Мақсатқа жетуге не ықпал етеді?


12.04.2017
0

Мақсатқа жетуге не ықпал етеді?

Мақсатқа жетуге не ықпал етеді? Табысты адамның нендей құпиясы бар? Олардың бірі – ұдайы жоспарлау! Әрбір күніңізді жоспарлаудан бастап, жоспарлаумен аяқтаңыз. Күнделікке барлық идеяларыңыз бен жоспарларыңызды жазыңыз. Бір күнге, аптаға және айға деген жоспарыңызды айқындаңыз. Міндеттерді басымдылықтарына қарай бөліп, оларды дәл сол тәртіпте жазыңыз. Жазылғанды бірден орындауға дағдыланыңыз, ал орындалғанын түртіп отырыңыз. Жоспарларды күнделікті жазудың арқасында мен және менің көптеген достарым өз өмірлерін жақсартты. Сіз де көріңіз. Уақыт өте келе, күніне бірнеше міндетті орындағаныңызға қарамастан, бәрібір бос уақытыңыз көп қалатынына көзіңіз жетеді. Табысты болыңыздар!

Добавить комментарий