Блог

Алматыда электр автобустар болады


11.04.2017
0

Алматыда электр автобустар болады

Алматыда электр автобустарды тестілейін деп жатқанын естіп бір қуанып қалдым. Мұны бірлескен қазақстандық-қытайлық кәсіпорынның электробастарды құрастыратын жобасы аясында жүзеге асыру көзделіпті. Бұл дегеніңіз тамаша! Себебі мегаполистегі экологиялық ахуал өте қиын жағдайда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматыда ауаға тасталатын зиянды заттардың 83 %-ын автокөліктер бөледі екен. Ал жанармай шығындары бойынша есептерді ескерсек, бұл жаңалық тиімді болары сөзсіз. Мысалы, орта есеппен 300 шақырым жүру үшін дизельді автобусқа 22 мың теңгеге жанармай құюға тура келеді, ал электробус пайдаланатын электр энергиясының шығыны бар болғаны 3200 теңгені құрайды. Сөзсіз, ұсынылған балама шешім электробастар – таптырмайтын көлік құралы. Экологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да өте тиімді.

Добавить комментарий