Блог
Еуропа CO2шығарылымын қысқартуға белсене кірісуде
Қазақстандық қалалар түтінге тұншығып жатқанда, Еуропа CO2шығарылымын қысқартуға белсене кірісуде. Осылайша, Германия 2050 жылға қарай көміртек газының бөлінуін 95%-ға қысқартуға уәде етуде. 2023 жылға қарай Франция көмір электр стансаларын пайдаланудан толықтай шығарады. Британия да 2025 жылға қарай алдына осындай мақсат қойып отыр. Ал Нидерландыда 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштарына тыйым салуды жоспарлап отыр.Мұнан басқа, голландықтар алдағы 50 жыл бойы барлық үй шаруашылықтарын газ желісінен ажыратуды жоспарлайды. Және бұл ЕО-дағы газ шығарудан көш бастайтын елдің үрдісі. 2035 жылдан кейін салынатын үйлерді газдандырудан шығару жобасы бойынша газдың орнына электр қуаты қолданылатын болады.Еуропалықтардың жоспары түсінікті. Ал Қазақстан бұл бағытта не істемек? Себебі мемлекет ресми деңгейде газ шығарылымдарын қысқарту бойынша саясатты іске асыруға қосылды.