Блог

Электр энергияны өндіру


21.03.2017
0

Электр энергияны өндіру

Португалияда электр энергиясын өндірудің тамаша құрама тәсілін ойлап тауыпты. Электр энергиясын күндіз күн электр стансасының көмегімен, кешке СЭС көмегімен өндіреді. Онда әлемдегі алғашқы гибридті қалқыма электр стансасы салынды. Ол Сонталеградағы Альто-Рабагао өзенінде күн энергиясын да, гидроэнергияны да өндіреді. Қуаты 220 кВт құрайтын күн стансасы 840 фотоэлектрлі панельдерден тұрады. Олар алдағы уақытта жылына 332 Мвт өндіреді деп күтілуде. Гидроэлектр стансасының қуаты 68 Мвт құрайды.ЖЭК саласы күн санап ілгері басып келеді және қалқыма фотоэлектрлі электр стансаларын салу – күн энергетикасын дамытудағы әлемдік беталыстардың бірі. Себебі ол үшін күн стансасына арнап жер бөлудің немесе өзендерге тоған салудың қажеті жоқ. Бұл электр стансасын салуға кететін шығынды айтарлықтай төмендетеді.Ғалымдардың бағалауында, бүкіл жер бетіндегі СЭС 50 ірі суқоймасы беткейінің 10% ғана күн панельдерімен жабу жеткілікті. Бұл қуаты 400 Гвт күн энергетикасын алуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий