Блог
Гарвардтағы зерттеулер
Студенттерге: «Болашаққа айқын, қағаз бетіне түскен мақсаттар қойдыңыздар ма және оларға қол жеткізу бойынша жоспар құрдыңыздар ма?» деген сұрақ қойылады. Талдау сұрақ қойылғандардың тек3% ғана мақсат-жоспарлары бар екенін көрсетеді. Ал 13% мақсаттары болған, алайда оларды қағазға түсірмеген. Ал студенттердің 84 %-ның бизнес-мектепті бітіріп, демалудан басқа ешбір нақты мақсаты болмай шыққан. Араға 10 жыл салып, әлгі студенттерге қайта сауалнама жүргізіледі. Мақсаттары бола тұра, оны жазбаған 13 % студенттер алдына ешбір мақсат қоймаған 84%-ға қарағанда орта есеппен екі есе табыс тапқан. Ал ең қызығы, тілектері мен мақсаттарын қағазға түсірген студенттердің 3% қалған 97%студенттерге қарағанда орта есеппен он есе көп табыс табатын болып шықты.