Блог
Шылым шегуден толықтай тазарту
Денсаулық – бұл кез келген елдің баға жетпес ресурсы. Себебі дені сау ұлт қана бәсекеге түсе алады. Осы тұста Финляндия үкіметі халықты 2040 жылға қарай шылым шегуден толықтай тазартпақшы. Елде халықты зиянды әдеттен құтқару бойынша ауқымды науқан басталды. Ол үшін түрлі әдістер қолданылады. Бұл бірінші кезекте – шылымды жарнамалауға, оның ішінде сауда залдарында да жарнамалауға толықтай тыйым салу. Сонымен қатар фин халқы темекі өнімдеріне бағаларды көтеру әдісін пайдалануды жоспарлап отыр. Темекі құны жеткізушілердің темекі өнімдерін лицензиялау үшін төлем жасауы және қадағалаушы қызметкерлерге еңбекақы енгізу есебінен өспек. Финляндиялықтардың тәсілі қызықты көрінді. Біздің де үкімет өз халқын сауықтырудың осындай шараларына назар аударса жақсы болар еді.