Блог

Жақсы/ірі клиенттерді қалай тартуға болады


26.10.2016
0

Жақсы/ірі клиенттерді қалай тартуға болады

Менен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер жақсы/ірі клиенттерді қалай тартуға болады деп сұрайды. Бұл мәселенің өзектілігіне байланысты, оны «Бәрі де өз қолыңда» атты кітабымда қозғадым. Сондықтан қайталап айтып жатпай, бұл тақырып бойынша қысқаша ойымды айтайын:«Жаңа стереотиптерге қарамастан, кез келген нарықта, ол В2В болсын, не күнделікті сұраныс тауарлары болсын, бірден ірі клиенттерге көз тігу керек. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, ірі клиенттер – бұл үлкен мүмкіндік, тіпті өз жоспарларыңызды құра бастаған кезде-ақ оларды басымдылықта ұстаңыз.

Себебі, ірі негізгі клиентті тартуға дәл ұсақ клиентке кететіндей уақыт жұмсайсың. Алайда айырмашылығы жер мен көктей. Ірі клиент бірден үлкен сатылым көлемін білдіреді.Сондай-ақ, ірі зәкірлік клиентті тартқанда сіз ірі клиенттің жабдықтаушысы деген жақсы атқа ие боласыз. Егер бір компания екіншісінен өнімнің үлкен көлемін сатып алса, бұл мұндай өнімнің басқа сатып алушылары үшін ең жақсы жарнама болмақ.

Алайда мынаны есте сақтаған жөн: егер сіз тапсырманы орындай алмасаңыз, өз сатып алушыңызға тиісінше қызмет көрсете алмасаңыз, жеңілісіңіз де үлкен болмақ. Ірі ойыншыдан жағымсыз пікір аласыз. Сондықтан салмақты клиенттермен жұмыс бастағанда, өз өніміңіз бен сервисіңіздің сапасына үлкен мән беріңіз».

Үлкен клиенттермен келіссөздер үлгісін кітабымнан оқыңыздар

Добавить комментарий