Блог
Табысты бизнесті қалай құруға болады
Менен табысты бизнесті қалай құруға болады деп жиі сұрайды. Менің әрдайым беретін кеңесім – беталыстарды қадағалап, тұтынушылық сұраныстарды бақылап отырыңыздар. Осы факторларға көз салып отсаңыз, игерілмеген істі тауып аласыз. Украиналық ІТ-кәсіпкер Роман Мрозакевич дәл солай жасады. Ол Украинада күн панельдерін орнатумен айналысатын монтаждаушыларды іздеп табатын ресурс жасап шығарды. Оның «күн» сервисі ЖЭК орындаушыларға өздерінің ЖЭК тапсырыс берушілерін іздеп табуға мүмкіндік береді. Және керісінше, тапсырыс берушілер орындаушыларды таба алады. Энергоаудитор болып қызмет атқарып жүрген кезінде одан күн панельдерін орнататын жақсы маман тауып беруді өтінетіндер көп болыпты. Және бұл тұста мамандар еңбегіне алғыс ретінде сыйақыны өздері ұсынып отырған. Осындай сұраныстар өсе келе, жігітіміз осы істі автоматтандыруды және ақшалы етуді ойға алады. Осылайша, ол жабдықтаушылар мен тұтынушыларды өзінің қатысуынсыз байланыстыратын электронды алаңды ұйымдастырды. Сайт іске қосылғаннан кейін бар болғаны 2 ай ішінде аталмыш ресурсқа Украинадағы күн электр стансаларын монтаждаушылардың барлығы тіркеліп үлгерді. Сервис қызметтерінің төлемі тапсырыс сомасынан 0,5% құрайды.