Блог
Тәжірибесі жоқтарға несие алып керегі жоқ
26 желтоқсан Almaty Management University-де (ALMA University, бұрынғы ХБА) бизнесмен Серікбай Бисекеевтің «Жетістікке жету жолы» дәрісі өтті. Оның есігі кез келген тілек білдірушіге ашық болды.
Серікбай Бисекеев 2012 жылы Ernst&Young «В2В» аталымында үздік «кәсіпкері» атанды. Бүгінде ол – энергетика және телекоммуникациялар саласындағы интеграциялық шешімдер өндірушісі әрі жеткізушісі Arman Holding КТ негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ тәуелсіз директоры.
ЖОО студенттеріне арналған ашық дәрісте қонақ ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін маңызды түрлі мәселелерді көтерді. Мысалы: бизнесті неден бастау керек және жаңадан бастағандарға тән қателіктерге қалай бой алдырмауға болады.
Серікбай Бисекеевтің пікірінше, бастысы бизнесті бастағанда өз ісіңе деген үлкен құлшыныс, және бұл тұста ірі холдинг па, немесе шағын жоба ма – маңызды емес.
Серікбай Бисекеевтің тағы бір қағидасы – бизнеске ешқашан қарыз ақша салмау. Ол әсіресе тәжірибесі жоқтарға несие алмауға кеңес береді – ісін жаңадан бастаған бизнесменге қарыздан құтылу қиынырақ.
Және тәжірибелі кәсіпкерден тағы бір кеңес – салыстырмалы түрде жақында пайда болған, бәсекелестік әлі дами қоймаған салаға келу. Мысал ретінде Бисекеев өзінің алғашқы бизнесі – 90-шы жылдардың басында Санкт-Петербордағы ұялы телефондар сатылымын келтірді. Ол кезде ұялы телефонды тек бай адамдар сатып ала алатын: оның құны қазіргі ақшаға ауыстырғанда шамамен $10 мыңға жуық тұрды. Уақыт өте келе жас кәсіпкердің бизнесі оған аяққа нық тұрып, өз холдингін құруға мүмкіндік берді.
Кездесудің қорытындысы ретінде қонақ студенттердің сұрақтарына жауап беріп, үздік сұрақтар үшін жүлделер табыстады. 3-ші курс, ағылшын бөлімінің студенті Ильнур Бильданов Ли Якокктың «Менеджер мансабы» кітабын алды. Студентті ақпарат жетіспеген 90-шы жылдарда Бисекеевтің нарықты қалай зерттеп, маркетингтік зерттеулерді қалай жүргізгені қызықтырды. Жас кәсіпкер базарларға, дүкендерге шығып, Батыста пайда болған заттарды саудалап, сұраныс пен ұсынысты зерттеді. Қазір бұл әдісті «өрістік маркетинг» деп атауға болады.
Ал 3-ші курс студенті Әлішер Жанабеков Маркус Бакингем мен Курт Коффманның «Алдымен бар ережелерді бұзыңыздар» кітабын алды.
Дереккөз: Forbes