Блог

Өміріңізді жақсы жағына өзгертіңіз


12.01.2017
0

Өміріңізді жақсы жағына өзгертіңіз

Достар, естеріңізде болсын: қандай сындардан өтпесаек те – соның барлығы бізді мықтырақ етеді! Бойымызда үлкен рух мен табандылық бар. Мұның жарқын үлгісі – қырғызстандық Рахатбек Усонкожоевтың таңғажайып өмір жолы. Ол сәтсіз құлап, жүре алмай қалған. 1-топ мүгедегі, әйелі кетіп қалған, қолында анасы мен үш баласы бар. Осының барлығы Рахатбектің қанатын қайыруы мүмкін еді. Алайда өз балалары үшін жауапкершілікті терең ұғынған ол жасып, өзін аяп немесе тағдырына налымады. Өз өмірін өзгертіп, жаңа кәсіпті игеруге бел буды. Қазір оның жасы 33-те, және ол – өз ісінің шебері. Біздің батыл жігітіміз былғарыдан этникалық стильдегі бұйымдарды: қамшы, әмиян, телефонға арналған қаптар, белдіктер, сөмкелер және т.б. тігеді. Қазір ол өзінің қолынан шыққан дүниелерді өзінің туыстары арқылы көршілес Қытайға өткізеді. Нәтижесінде кәсіпкер тәп-тәуір табыс тауып отыр. Шын мәнісінде мүмкіндік қашанда бар. Тіпті ең қиын жағдайдан да шығар жол бар. Тек өзіңізге сеніңіз де, өміріңізді жақсы жағына өзгертіңіз!

Добавить комментарий