Блог
Технологиясыз ынталандыру – бұл балыққа қармақсыз барғанмен тең
Басқару ісінде персоналды ынталандырудан бұрын, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге технология/құралдар ұсыну маңызды. Олар болмаған жағдайда бірге отырып, процесті талқылап, іс-қимылдарды белгілеп шығу керек. Мұндай жағдайда қатысушылар жағдайды түсініп қана қоймай, нәтижеге жетудің жолдарын ұсына алатын болады. Нәтижесінде ұжымдық тілектестік пен үйлесімділік пайда болады. Ал бұл жоғары ПӘК қамтамасыз етеді.
Технологиясыз ынталандыру – бұл балыққа қармақсыз барғанмен тең. Мұны кез келген басшының түсінгені жөн. Компания табысқа жетуі үшін қызметкерлерді жай ынталандыру жеткіліксіз, сонымен қатар құралдар ұсынып, оларды қалай пайдалану керектігін үйрету қажет. Жиі осындай амал қызметкерді өнімді жұмыс істеуге ынталандырады. Әсіресе, атқарушылық қызметтерде. Оған мақсат пен оған қол жеткізу технологиясын көрсетіңіз, сонда қызметкеріңіз тамаша нәтиже танытады. Сондықтан, қызметкерлеріңізді ынталандыруға бет алған сайын, қызметкерлеріңіздің технологияларды, құралдарды қаншалықты меңгергенін және процесті қаншалықты білетінін ойлаңыз. Мұның жетістікке жету үшін жеткілікті екеніне сенімдімін.