Блог

«ШОБ экспортқа бет бұруы тиіс»


30.12.2014
0

«ШОБ экспортқа бет бұруы тиіс»

Танымал бизнесмен, Arman Holding холдингінің басшысы, «Даму» қорының тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі Серікбай Бисекеев 29 желтоқсан, дүйсенбі күні «Қазақстандағы кәсіпкерлік: мифтер мен ақиқат» тақырыбындағы вебинарда сөз сөйледі.

a3c5a60fe0ac5fa2c308f9059c6c6075-small

«Даму» қоры ұйымдастырған бірінші вебинар аясында Қазақстанның барлық өңірлерінің бизнесмендерінде танымал бизнесменмен тілдесу мүмкіндігі туды. Ондаған кәсіпкерлер қордың өңірлік өкілдіктерінің әрқайсысында жиналды. Мұндай қызығушылықтың тууына Серікбай Бисекеевтің тек табысты кәсіпкер ғана емес (2012 жылы Ernst & Young нұсқасы бойынша В2В санатында Ресейдің үздік кәсіпкері атанды), сондай-ақ «Даму» қорының тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі екені себеп (бұл қызметке Бисекеев 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап тағайындалды).Вебинар басталардан бұрын Серікбай Бисекеев баспасөз құралдарымен сұхбаттасты.

- Серікбай, биыл сіз «Даму» қорының тәуелсіз директоры атандыңыз. Қалай ойлайсыз, қордың жұмысын қалай жақсартуға болады?

- Мен кәсіпкерлермен және екінші деңгейлі банк өклідерімен тілдесіп, қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінуге тырыстым. Қазір «Дамудың» көмегі туралы көп айтылады. Алайда өтінімдер кейде айлап қаралады, ал кәсіпкерлерге ақша дәл сол сәтте керек. Меніңше, егер ақша мемлекеттікі болса, талапты да мемлекет қоюы тиіс. Ал қазір әрқайсысы өз бетімен өмір сүріп жатқан банктер «Дамудың» талаптарына құлақ асулары тиіс. Әр банк өзі қажет деп тапқан үлгіні толтыруда талап етеді. Байғұс кәсіпкер әрбір банкке керіп, қайта-қайта құжат толтыруға мәжбүр. Бір шеңбердің ішінде жүгіреді де жүреді. Мен «Дамумен» байланысты жобалар үшін бірегей өтінім шаблонын шығаруды ұсындым. Бизнесмен мәліметтерді бір рет толтырады да, өтінімдерді бірден бірнеше банктерге жібереді. Ал банктер 2-3 күн ішінде несие өтінімі мақұлданды ма-жоқ па, жауабын берулері тиіс. Яғни банктің ізінен кәсіпкер жүгірмейді, керісінше болады.

- Банктер қазір жауабын неге ұзаққа созады?

- Оларда қарыз алушылар туралы ақпарат жетіспейді. ЕДБ бізден салықшылардан ақпарат алуға қатысты көмек сұрады, және біз «Дамудың» қарыз алушылары туралы Салық комитеті мәліметтерін олардың несие тарихымен біріктіруді ұйымдастырдық. Біз мүмкіндігінше оның жүріс-тұрыс мінездемесін де алғымыз келеді. Мысалы, адам коммуналдық қызметтер ақысын қаншалықты уақытылы төлейді, жол қозғалысын бұза ма... Егер адам өзін дұрыс ұстап, әрдайым беске оқып, барлығын уақытылы ұсынған болса, және ешқашан берешегі болмаса, оның рейтингісі бірден өседі. Ал бірінші несие бюросы әлеуетті клиент туралы жеткіліксіз ақпарат ұсынады. Бұл шешім қабылдау жылдамдығына әсер етеді.

- «Даму» бағдарламалары аясында тағы қандай түйткілдер өзекті?

- Кейде кәсіпкерге несиені қандай мөлшерлеме бойынша алатыны маңызды емес. Оның ақшаны қашан алатыны, және кепілмен байланысты мәселені қалай шешетіні маңызды. Несие көлемінен 50% мөлшеріндегі кепілді кез келген кәсіпкер ұсына алмайды (қалған 50% «Дамудан» кепілдік алу үшін). Қазір жоспарда – кейбір жобалар бойынша қарыз сомасынан 75% дейін кепілдік беру. Алайда кепілдік база төмен, тіпті ол болмаған жағдайда несие алуға мүмкіндік беретін оңтайлы үлгі табу керек. Ол үшін біз қазір дайындап жатқан қарыз алушылар бойынша статистика керек.

- Бұл әсіресе стартаптар үшін аса маңызды сияқты. Себебі қазір көпшілігі несие алу үшін өз баспаналарын кепілге қояды.

- Иә. Алайда мен бизнес бастағанда несие алған жоқпын – барлық жобаларға өз ақшамды салдым (жинадым, кепілге қойдым, төлемдерді кешіктіруге келістім). Себебі кәсіпкер қандай да бір шара қабылдауы тиіс.

- «Даму» бағдарламалары бойынша несие беру қаншалықты ашық?

- Мені барлығы ашық, жоба қорғалмайынша банктер өз шоттарына ақша алмайды (Ұлттық қор қаражаты Ұлттық банкте сақталады), кейін ақша қарыз алушыға тікелей түседі деп сендіреді. Яғни, банк ол ақшаларды «айналдыра» алмайды.

- «Дамудың» қазір ұсынып отырғанын теңдессіз қолдау деп атауға болады. Шын мәнісінде бизнес несиені инфляция деңгейінен төмен мөлшерлеме бойынша ала алады. 2014 жылы ШОБ тексеруге мораторий жарияланды. Бизнесті дамыту үшін тағы не істеу керек?

- Мұндай қорлардың жұмысына талдау жүргізіп, басқа елдерде бизнеске қалай көмектесетінін түсіну керек. Дамуды Қазақстанмен бірге бастаған Түркияны мысалға келтіруге болады. Олар осы жылдар бойы кәсіпкерлерін қолдап келді. Оның үстіне Қазақстан нарығы өте кішкентай екенін ескеру керек, сол себепті экспортқа жұмыс жасау керек. ШОБ елден тыс жерлерге өткізе алатын өнім өндіруді бастауына жағдай жасау керек. Түркияда егер бизнесмен мысалы Қазақстанда бірдеңе салғысы келсе, мемлекет оған шетелде жұмыс істей алуы үшін техникаға пайызсыз қаражат бөледі. Егер кәсіпкер өз тондарын немесе келте тондарын сатқысы келсе, мемлекет шетелдің жақсы дүкендеріндегі жылдық жалдау ақысын төлейді.

Біздің мемлекетіміз неге осылай жасамай отырғанын түсінбеймін. Бізде мұнай да, газ да бар, біз жылдық 1000% табыс тауып жүрдік, бизнесті дамыту керек еді, нәтижесінде уақыт жоғалттық.

Егер ауқымды түрде қарасақ, мемлекет заңдарды Қазақстанға инвесторлар келетіндей етіп өзгертуі тиіс. Қазір мемлекеттен жеңілдіктерді тек елге $20 млн астам тартатындар алып келеді. Алайда бүкіл әлемде табыстың 80% шағын және орта бизнес әкеледі. Бәлкім, $10 млн салуға дайын отырғандарға назар аудару керек шығар. Шетелдік шағын және орта бизнес те Қазақстаннан жұмыс орындарын аша алады. Алайда өз шартымызды қоюымыз керек. БК құрған жағдайда орташа және төменгі деңгей персоналы жергілікті халық болып, ал шетелдік басқарушылар өздерінің орнын басатын мамандар даярлап, 5 жылдан кейін БК-да тек қазақстандықтар жұмыс жасауы тиіс.

- Орта бизнес өкілдері қазір мемлекет ЭКСПО сияқты ірі жобаларға қатысуға көмектесуі тиіс дейді. Себебі бас мердігерлер – шетелдік компаниялар жиі жергілікті өндірушілерді елемейді.

- Иә, жергілікті тауарлар және қызметтер өндірушілерін қолдау керек. Мысалы, мен қазір тұратын Сингапурда орташа деңгейлі біліктілігі бар шетелдіктерді жұмысқа шақырмайды. Себебі, қара жұмыс үшін өздерінің адамдары жеткілікті. Ал егер компания экспатқа айына $10 мың төлеуге дайын болса, ол расында керек болғаны, ондай жұмысшыларға елде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Меніңше, басқа елдерде протекционизм бойынша қандай заңдар шын мәнісінде жұмыс істейтінін анықтау керек. Туризм саласындағы жағдаятты қарайық. Билік оны экономиканың басым саласы, оны дамыту керек дейді. Ұлттық авиатасымалдаушы «Эйр Астананың» монополиялығы басқа елдердің әуе компанияларына Қазақстанға ұшуға мүмкіндік бермейді. Егер бізде Жапония, Нью-Йорк, Шанхай сияқты қаржылық орталықтарынан тікелей рейс болмаса, дамыған елдердің 30-на қалай кіреміз. Шетелдіктердің көпшілігі бірінен түсіп, екіншісіне мінгісі келмегендіктен, қандай да бір БК құрудан бас тартады. Аспанды ашық ету керек. Мысалы Амстердам өзіне барлық әуе компанияларын кіргізіп, Лондонның, Франкфурттың, Париждың әуежайларымен бәсекеге түседі. Бір компанияны қорғағанды қояйық. Егер біз жұмыс орындарын ашып, «Эйр Астана» төлейтіннен 10 есе артық салық алғымыз келсе, ойын ережесін өзгертуіміз керек.

- Кейде кәсіпкерлікті дамыту үшін шенеуніктердің менталитетін өзгерту керек деп жатады. Сіз мұнымен келісесіз бе?

 - Өкінішке орай, Қазақстандағы шенеуніктер оларды салық төлеп отырғандар, яғни кәсіпкерлер асырап отырғанын түсінбейді. ЖЖЕ бұзса, кәсіпкерді «айналдырғысы» келетін жол сақшысы үстіндегі кімінің салық төлеушілердің ақшасына алынғанын түсінбейді. Адамдар бизнесмендердің арқасында жалақы алып отырғандарын түсінулері үшін менталитетті өзгерту керек.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің де менталитетін өзгерту керек. Бизнесмендерге жақсы ат әпермейтін өзіндік дәстүрлеріміз бар: мысалы мерзімді сақтамайды, әлденені уәде етеді, басқаны жасайды. Егер банк кездесу белгілеп, адам белгілі бір уақытта келуге уәде берсе, ол сөзінде тұруы тиіс. Егер келмесе, оған бұл банк несие бермейді, алайда мұны барлығы түсіне бермейді.

- Ісін жаңадан бастағандарға қандай кеңес бере аласыз?

- Алдымен бизнесте жолы болғандардың кітаптарын оқу керек. Мен іс бастаған 90-шы жылдары ғаламтор да, ежелерді үйренетін жақсы кітаптар да болмады. Кез келген адам кәсіпкер бола алмайды.

Алайда мемлекет те, ірі бизнес те жаңартылатын көзге – яғни адамға салым жасауы тиіс. Себебі мұнай ерте ме, кеш пе түгесіледі, ал адамдар қалады.

Дереккөз: Forbes

Добавить комментарий