Блог

Өз армандарыңызға қарай қадам басыңыздар!


30.03.2017
0

Өз армандарыңызға қарай қадам басыңыздар!

Байқоңырлық 23 жасар отандасымыз Айшолпан Қайдулова табандылығымен, рух-жігерінің мықтылығымен көпшілікке үлгі боларлық жан. Мүгедектер арбасына таңылғанымен, ел қатарлы еңбек етеді. Мейірбике болып жұмыс жасауды армандаған ару тағдырдың жазғанына налып, өзін құзға тастап жібермеді. Айшолпан өз ісін ашып, үш жаңа бағытты меңгеріп кетті. Ол Инватакси диспетчері болып болып жұмысқа орналасып, маникюр жасау шеберлігін игерді. Сонымен қатар тапсырыспен тәттілер пісіретін шағын кәсіп ашты. Осы бастамаларын іске асыруға «Даму» қорының белсене көмектесіп жатқанына қуаныштымын. Достар, қандай жағдай болмасын, мүмкіндік бізде қашанда бар. Ешқашан еңселеріңізді түсірмеңіздер! Өз армандарыңызға қарай қадам басыңыздар!

Добавить комментарий