Блог
Белгілі бір ортақ қағидалар
Әрбір адам жетістікке жетер жолын өзі салады. Алайда белгілі бір ортақ қағидалар бар. Және жолды содан бастауға болады. Себебі олар өте қарапайым және түсінікті:
1. Өміріңізді шуаққа толтырыңыз.
2. Өз мақсатыңызды анықтаңыз.
3. Қай жерден бастағаныңыз маңызды емес, қайда бет алғаныңыз маңызды.
4. Барлық істеріңізді жоспарлап, мерзімін белгілеңіз.
5. Сіз «өмір сабақтарын» игеруге қажет адамдар мен оқиғаларды тартасыз. Оларды сынақ ретінде қабылдаңыз да, ол үшін сый алыңыз.
6. Әрдайым шығар жолдар мен мүмкіндіктер бар, ең бастысы өзіңізді тығырыққа тіремеңіз, және қиялыңыз бен ой-санаңызды шектемеңіз.
7. Қиындық болса, оның шешімі де бар. Теңбе тең.
8. Кім болатыныңызды және не істейтініңізді өзіңіз ғана шешесіз.
Болашақта сіз оларды өз тәжірибеңізбен толықтыра аласыз.